• Қоғам
  • 16 Қыркүйек, 2021

Еліміздің даму бағытындағы басты құжат

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі ­реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берекелі бірлік пен еселі еңбектің арқасында талай кедергіден сүрінбей өтіп, қиындықты артта қалдырып, мемлекеттің аяғынан нық тұруына бірлесе еңбек еткеннің арқасында іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктегенімізге назар аударып, Тәуелсіздік – біздің ең басты құндылық екенін атап өтеді. 

Мемлекет басшысының жыл сайынғы дәстүрлі ­Жолдауы еліміздің даму бағытындағы ­басты құжат деп есептеуге болады. Өйткені әр Жолдауында елдегі өзекті мәселелерді көтеріп, оның шешу жолдарын қарастырады. Бұл – елдің сенімін нығайтып, болашаққа жарқын қадам басуына үміт отын сыйлайды.

Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы білім беру секілді елді алаңдататын мәселелеріне жеке-жеке тоқталғаны көңіл қуантты. Сонымен қатар халқымыздың әл-ауқатын арттыруға арналған бес бастамасының орны бөлек.

Әсіресе Президенттің ­Жолдауында мүмкіндігі шектеулі адамдар қоғам өміріне белсенді қатысуға тиіс екендігі, сайлау процесінде таңдау кезінде квоталар заңды түрде бекітілетіні ­туралы ­хабарлама ерекше айтылды. Бұл біздің мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қор­ғауды, оларға көмек пен қолдауды қамтамасыз етіп қана қоймай, мүм­кіндігі шектеулі адамдардың қоғамдық және саяси қатысуы үшін құқықтары мен тең мүмкіндіктерін қорғауды қамтамасыз ететіндігін білдіреді.

«Қазақстанның басты байлығы – Еліміздің азаматтары.

Сіздердің амандықтарыңыз – менің Президент қызметіндегі ең басты мақсатым әрі тілегім» деген Президенттің сөзін басты қағида ете отырып, мемлекеттің дамуы жолында бәріміз бір кісідей ұйыса еңбек етуіміз керек.

Ләззат Қалтаева,

«Шырақ» қауымдастығының төрайымы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі

492 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы