• Қоғам
  • 10 Наурыз, 2011

Тіршіліктің шырайы – отбасының шырағы

d181d18ad0b5d0b7

Көктемнің алғашқы күнімен қоса келетін 8 наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының ұйымдастыруымен елімізде тұңғыш рет Қазақстан әйелдерінің съезі өтті. Алғашқы рет 800-ге тарта аналардың басы бір жерге тоғысып, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы әйелдердің рөлін талқылаған жиынға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.Елбасы осы жиында еліміздегі барша ардақты ана, асыл жар, аяулы қарындастарын шуақты көк­тем мерекесімен құттықтады. Тә­уелсіз ел тарихындағы Қазақстан әйелдерінің тұңғыш съезінде жылу мен жылылық сыйлайтын жарқын мереке қарсаңында ақ жаулықты мейірбан аналармен жүздесіп отыр­ғанына қуанышты екенін жеткізді. «Әйел қашанда тіршіліктің шырайы, отбасының шырағы болып келеді. Ұлттың асыл қасиеті уызына жарыған ұрпақтың бойына ана сүтімен дарып, болашаққа жалғасады. Сондықтан ерді үйдің иесіне санаған дана халқымыз әйелді шаңырақтың киесіне балаған. Тағылымды тарихымыз қайраткерлік қасиет қонған аналардан кенде болған емес. Ұланғайыр далада ұрпақ мақтанышына айналған талай ұлағатты аналар өткен. Олардың өшпес өнегесі мен өлмес дәстүрі жаңа Қазақстанда жарасты жалғасын табуда. Ел мен ерге сын болған кезеңде әйел-аналар отбасы мен қоғам жүгін қайыспай қатар көтере білді. Сіздер отбасы берекесін сақтаумен бірге тәуелсіздікті нығайту ісіне де еселі үлес қосып келесіздер. Бүгінгі съезд – соның жарқын айғағы» деген Мемлекет басшысы егемендігімізді алған жиырма жылдық тарихымызда еліміздің еңсесін тіктеп, аяғынан нық тұрып кетуіне аналардың қосқан қомақты үлесін айтып, олардың қоғамдағы атқарып отырған келелі істеріне тоқталды.

3277 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №3

22 Қаңтар, 2026

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы