• Мәдениет
  • 16 Қыркүйек, 2021

АЛМАТЫ – ӘСЕМ ҚАЛА, АЛАТАУ – ӘСЕМ ДАРА!

Алматы Алатау баурайында орын тепкен, тұмса табиғаты төңірекке табан тірегеннің түгелін тәнті еткен қала! Өзіндік сымбаты бар Шаһарға біздің ел азаматтары түгілі, шеттен келетін туристердің өзі тамсанады. Ауасы саф, самалы жібек Алматының күзі тіптен ерекше! Қазақ жері көрікті орындарға тұнып тұр.

Шетел саяxатшылары біздің атырапқа ат арытып келгенде, көздің жауын алатын жерлердің ғажап екенін жасырмайды. Жайқалып өскен ағаш, сарқырап аққан су, аспанды айнала ұшқан құстың әсем дауысы, ауасы таза жан раxатына бұдан артық не керек? Қол ұстасқан ғашықтар, жүздері жайнаған ана мен бала, көңілдері ортадан тапқан ата мен әже, күндіз болсын, ымырт кеш болсын қала көшелерінде, саябақтарында серуендеуде. Бұл Алматының бір көрінісі!

Алып шаһарда 8 аудан бар, соның ішінде құрылғанына 13 жыл болған Алатау ауданының қазіргі келбеті көңіл қуантары сөзсіз. Сәулетті үйлері сап түзеп, экономикасы еңсе тіктеген аудан басшысының жұмысын осыдан байқауға болады. Көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарынан бөлек, Алатау ауданының басшысы Азамат Қалдыбеков халықпен тығыз байланыста. Тұрғындар тарапынан бірнеше рет көтеріліп келе жатқан жобалар жүзеге асырылып, мәселелер шешілуде.

Алматының тынысын кеңейткен, толағайлап толысқан бүгінде Алатау ауданы жедел өркен жайған өңірге айналды. Орталықтандыру қағидасы бойынша мұнда 26 мектеп, 5 мемлекеттік медициналық мекеме, сонымен қатар 20 мемлекеттік балабақша ашылған. Алатау ауданы – Алматының қуатты өндіріс орталығы. Индустрияландыру бағдарламасы аясында мұнда арнайы Индустриалды аймақ құрылды. Ауданда жапондық, ресейлік, қытайлық және итальяндық инвестициялар есебінен бірнеше жоғары технологиялы зауыт бар.

Аудан аумағында бой түзеген бірқатар мәдени және спорт объектілердің орны бөлек. Олардың ішінде «Алатау» дәстүрлі өнер театры, дәстүрлі музыканың мультимедиялық орталығы, Қолөнершілер орталығы, «Алматы арена» және ­«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жеке қаржы есебінен салынған жеңіл атлет стадионын айрықша атауға болады.

Еңлік МҰРАТҚЫЗЫ,

журналист

2563 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы