• Білім және ғылым
  • 23 Қыркүйек, 2021

БІЛІМ – ҚҰНДЫ КАПИТАЛ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында алда тұрған маңызды бағытымыз бен мақсат-мұратымызды айқындап берді. Қазір еліміз ғана емес, әлем үшін жағдай айтарлықтай ауыр. Оған бір ғана себеп – коронавирус пандемиясының салдары. Бұл барлық елге үлкен қиындықтар алып келді. Экономикалық өсу көрсеткішін төмендетті.

Денсаулық сақтау саласына айтар­лықтай күш түсті. Білім беру саласында онлайн өмірді қалыптастырды. Иә, барлық салада онлайн жұмыстар жүріп жат­қанымен, білім беру, ғылым саласында бұл жұмыстардың дәстүрлі форматтағыдай болмайтынына тағы бір рет көзіміз жетті. Бұл қиындықты да еңсерерміз. Президент «Пандемия кезінде қашықтан оқытудың нәтижесі ұлттық телекоммуникация желілерінің тиімділігі төмен екенін көрсетті. Мұндай ахуал негізгі, қарапайым білімнің өзін меңгере алмаған оқушылардың саны артуына әкеп соқты. Тағы бір проблема – нағыз қиындық осы деуге болады, балалар оқуын тастап кетіп жатыр. Өйткені білім алуды қажет деп санамайтын болды», – деп атап көрсетті.

Негізі онлайн білім берудің пайдасы қосымша пәндер мен жеке қызы­ғушылықтар үшін таптырмас мүмкіндік, ал жалпы білім алуда дәстүрлі форматтың жөні бөлек.

Білім – аса құнды капитал. Сондықтан білімге инвестиция салу өзіңді шыңдап қана қоймай, елге, Отанға қызмет ететін маңызды қадам екенін естен шығар­мау керек. Ең білімді мамандары бар мемлекетте өмір сүрудің барлық жағдайы тұрақты әрі сапалы болады. Ол сіз бен біздің денсаулығымызды, өмірімізді ұзар­татын бірден-бір фактор. Сондықтан Пре­зидент Жолдауындағы сапалы білім беру қағидаты әр уақытта жауапкершілігі мол міндет. Білім капиталы мықты елдің қай саласында да ілгерілеу болатыны анық. Сон­дықтан білім капиталын арттырып, ғылымға терең мән бергеніміз абзал. Өйт­кені ғылым – ұлт дамуының негізгі көрсеткіші.

Президент Жолдауда: «Ғылымды дамыту – біздің аса маңызды басымдығымыз. Бұл саладағы түйткілдердің шешімін табу үшін жылдың соңына дейін заңнамаға өзгерістер енгізу қажет. Ең алдымен, жетекші ғалымдарымызға тұрақты және өз еңбегіне лайықты жалақы төлеу мәселесін шешу керек. Мұны ғылымға бөлінетін базалық қаражат есебінен қамтамасыз еткен жөн», – деп, тиісті министрлік пен ғылыми мекемелерге, оқу орындарына тапсырма жүктеді. Сонымен қатар ғалымдардың ғылыми жобаларына берілетін уақытты да арттыру керектігін баса айтты. Бұл маңызды шешім болды. Өйткені ғылыми жобаларды бір немесе бірнеше жылда аяқтап шығу асығыстық болатыны сөзсіз. Сондықтан бұл мәселеге Президент аса мұқият қарап, уақытын созуды жанашырлықпен жеткізді. Ал отандық ғалымдарымыз үшін бұл үлкен жаңалық болғаны сөзсіз.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану

факультетінің оқытушысы

2094 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы