• Ақпарат
  • 21 Қыркүйек, 2021

Жас балуандар белдесті

Кеңес-ауған соғысының аяқталғанына 30 жылдан астам уақыт өтсе де, оның жаңғырығы біздің бүгінгі өмірімізге әсер етіп отырғаны сөзсіз. Қазақстан бойынша соғысқа 22 мыңнан астам сарбаз қатысқан. Олардың көбі елге оралғанымен, із-түссіз жоғалып кеткендердің нақты саны белгісіз.

Соғысқа қатысқан ардагерлердің құрметіне Алматыда спорт мектебінің оқушылары арасында қазақ күресінен турнир өтті. Оған 20-ға жуық жас балуан қатысып, өзара бақ сынасты. Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен қолға алынған жарыс «Азаматтық борыш» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Турнирдің ашылу салтанатында Ауған соғысының ардагері Қажымұқан Әлжанов арнайы сөз сөйлеп, қатысушыларды құттықтады. «Мына заманда білімнің күші мен білектің күшін қатар алып жүру керек. Білімінің күші туралы осы күні көп айтылғанымен, білектің күшін ешкім жоққа шығарған емес. Батырлық – атадан балаға мұра болып келе жатқан құндылық. Оның ендігі иесі сендерсіңдер» деді ардагер жас балуандарға.

Турнир нәтижесі бойынша №4 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің оқушысы Арман Умербеков, №152 мектептің оқушысы Әділ Шакеров, №43 мектептің оқушысы Шыңғыс Ержанұлы жүлделі орындарды иеленді. Оларға бағалы сыйлықтар: ноутбук, смартфон, планшет және кубоктар табыс етіліп, сонымен қатар алғыс хаттармен марапатталды.

Қ.Қарабаев

4364 рет

көрсетілді

10

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы