• Ақпарат
  • 22 Қыркүйек, 2021

Үстел теннисі турнирінде ардагерлер есімі ардақталды

«Азаматтық борыш» жобасы аясындағы спорттық турнирлер «Didasport» үстел теннисі клубында жалғасын тапты. Спорт және орта мектеп оқушыларының басын қосқан турниге 20-дан астам жас спортшы қатысты.

Жоба жетекшісі Мұхамеджан Әбдібековтің сөзінше мұндай жарыстар жастар арасында көбірек ұйымдастырылу керек. «Озып шықсам, биікке көтерілсем дейтін оқушылар көп. Осындай жастардың бар болғанына қуануымыз керек. Бұл жарыс та басқа жарыстар сияқты оларға өмірлік мотивация сыйлайды» деп ағынан жарылды ол.

Сонымен қатар іс-шарада кеңес-ауған соғысына қатысқан ардагерлер де болды. Олар жастардың жарысын бастан-аяқ тамашалады. Ардагер Болат Құрамысов пен Григорий Анацкий турнирдің басында да, соңында да сөз сөйлеп қатысушыларға сәттілік тіледі.

  «Спорт ерте заманнан өмірдің ажырамас бөлшегі. «Жаралыс басы қозғалыс» деп Шәкәрім атамыз айтпақшы, спорт бізді сергектікке баулиды. Спорттағы мақсат чемпион болу, жүлде алу емес, мақсат тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Осындай сайыстарға қатысқаннын өзі үлкен мәртебе» деді Болат Құрамысов.

Турнир қорытындысы бойынша бас жүлде Д.Сәрсенбайға, екінші орын М.Кельтековке, үшінші орын В.Кимге бұйырды. Олардың барлығына құнды сыйлықтар, кубоктар, дипломдар табыс етілді.

Қ.Қарабаев

4416 рет

көрсетілді

94

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы