• Ақпарат
  • 24 Қыркүйек, 2021

Кеңес-ауған соғысының тарихы мен тәжірибесі талқыға түсті

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мәжіліс залында «Ауған соғысы: тарихы, тәжірибесі және жаңа көзқарас» атты конференция өтті. Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Азаматтық борыш» жобасы аясында өткен іс-шараға тарихшы ғалымдар, соғыс ардагерлері, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты. Атап айтқанда тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ауған соғысы ардагері Болат Сайлан, Алматы әкімшілігінің жанындағы Ауғанстандағы соғыс ардагерлері және мүгедектері бірлестіктерінің үйлестіруші кеңес төрағасы, Ауған соғысы ардагері Мурат Абдушукуров, «Балдырған» журналының бас редакторы, Ауған соғысының ардагері Дүйсен Мағлұмов, Талғар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ауған соғысы ардагері Қажымұқан Әлжанов және тағы басқа қатысушылар тақырыпқа сай өз ойларымен бөлісті.

Кеңес-ауған соғысының аяқталғанына 30 жылдан астам уақыт өтсе де ел арасында оған әртүрлі көзқарас бар. Тарих заңына сәйкес көзқарастардың уақыт өте келе жаңарып отыруы табиғи құбылыс. Конференцияда осы мәселе талқыға салынды.

Конференция ғалым Б.Сайланның баяндамасымен басталды. Ол арнайы дайындалған слайд арқылы кеңес-ауған соғысының жай-жапсарына тоқталды. «Соғысқа Қазақстаннан 22 мыңнан астам солдат аттанды. Олардың құрамы әртүрлі болды. Қазақ та,  орыс та, ұйғыр да бар еді. Бәрі отан үшін ерлікпен соғысты» деді ол.

Қаладағы ауған соғысы ардагерлеріне қатысты барлық іс-шаралардың басы-қасында жүрген М.Абдушукуров қарулас әріптестерінің жастық шағы соғысқа қатыспаған жастармен салыстырғанда басқаша болғанына тоқталды. «Біздің солдаттар майданда жараланып, конфуз ұстап, физикалық және психологиялық зақым алып жүргенде, олардың бейбіт өмірде жүрген қатарластары киноға, театрға барып, сауық-сайран құрып, қыдырып жүрді. Соғыстан оралған жігіттердің көбі әлі күнге дейін майдан даласында душар болған аурулармен ауырады. Ауған соғысы ардагерлерінің мәртебесі әлі де айқындала түсу керек» деді ардагер.

Қаламгер-ардагер Д.Мағлұмов «Кеңес әскері Ауғанстанға сол елдің үкіметінің шақыртуымен барды. Кеңес әскерінің қолынан бірде бір бейбіт тұрғын қаза таппағанын» тілге тиек етті.

«Мәңгілік Қазақстан» қоғамдық қорының жоба жетекшісі, полковник Мұхамеджан Әбдібеков ұйымның жоба аясында атқарған жұмыстарына шолу жасап, әрбір іс-шараны нақты-нақты айтып өтті.

Конференция соңында ардагерлер үшін кофе-брейк ұйымдастырылып, талқы дастархан басында жалғасты.

Құрмет Қарабаев

2101 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Mobile Application

06 Қазан, 2021

Thank you for all of the efforts on this blog. Debby really likes engaging in investigation and it's really obvious why. We all notice all regarding the dynamic means you create insightful ideas via your blog and as well recommend participation from the others on this issue plus my daughter is now being taught a lot of things. Have fun with the rest of the year. You're performing a fabulous job. <a href=https://www.blogexpander.com/>blog</a> I always use <a href=https://1llo.short.gy/fqGOuv>url shortener</a> It is very helpful.

Шынар

07 Қазан, 2021

Мен ұлтыма парсатты қарауға тиістімен.Себебі мен Қазақстанның азаматшасымың.

ANA TILI №21

22 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қали Сәрсенбай

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы