• Тіл
  • 30 Қыркүйек, 2021

«Ортақ біздің тіліміз»

№129 жалпы білім беретін мектепте 20-25 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде» атты тілдер апталығы өтті. Бұл апталықта іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары елімізде тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене атсалысып, мемлекеттік тілдің абыройын асқақтатып, беделін биіктетті.

Осы орыс мектебіне жаңадан тағайындалған мектеп директоры Сәуле Райымбекқызының мемлекеттік тілге деген құрметі ерекше. Сондықтан болу керек, аталмыш мектептің қазақ тілі пәнінің оқытушылары өздеріне жүктелген жауапты міндеттің үдесінен шығуға тырысып-ақ келеді. Бірлестік жетекшісі Шолпан Құрманғалиқызының айтуынша, апталықтың іс-жоспары алдын ала жоспарланып бектіліген бағдарламаға сәйкес көптеген іс-шаралар жүзеге асқан. Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Ш.Кешубаева 9-10 сыныптар аралығында  «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» онлайн құттықтау шарасын  ұйымдастырса, М.Құрманғалиева 3-сыныпқа «Қызықты қазақ тілі әлемі» атты интеллектуалды сабақтың қызықты өтуіне ұйытқы болды. Ал Қ.Алдибекова мен М.Исабаева 2-сынып оқушыларына «Мақал сөздің мәйегі» атты  мақал-мәтелдер сайысын өткізіп, әр мақалдың мағынасына тереңінен үңілді. Г.Қарсыбаева 3-сыныпқа «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты ашық сабақ өткізіп әріптестерінің сабақ барысында қойған бірнеше сауалына жауап берді. Бұл тұрғыда Г.Ақкөз де 4-сыныпқа  «Ана тілім – асыл қазынам» атты ашық сабақтың жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болды. Ж.Сәрсембаева 5-сыныпқа «Әлем тілдеріндегі Абай өлеңдері» атты ашық сабақта ақынның өзге тілге аударылған бірнеше өлеңін нақышына келтіре оқыды. Г.Пахирденова 5-сыныпқа «А.Байтұрсынұлының тіл мұрасы» танымдық сабағын жоғары деңгейде жүргізсе, Л.Құсайынова «Мен көп тіл білемін» деген тақырыпта оқушылар арасында сайыс сабағын өткізді. А.Ниязбаева мен Ж.Үмбетова 6-сынып оқушыларына «Мен өз тіліммен мақтанамын!» тақырыбына шығарма жаздырды. Ал, «Қазақшаңыз қалай?» зияткерлік ойынын 6 сыныпқа өткізген А.Алдабергенованың сабағына оқушылар зор ықыласпен қатысты. М.Нұртазаева 7-сыныпқа «Тіл достықтың алтын көпірі» деген тақырыптағы ашық сабағында ана тілінен бөлек, өзге тіл білудің маңызына кеңінен тоқталды. С.Әміржанова «Тіл – ұлттың жаны, әр халықтың байлығы» виртуалды кітап көрмесін ұйымдастырып, оқушылар мен әріптестерінің қошеметіне бөленді.  С.Махимова, Г.Юнусова 8-сыныпқа «Үш тілділік заман талабы» тақырыбында дебат сабағын қызықты етіп өткізуге барынша тырысты. Ж.Баягизова 9-сыныпқа «А.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің негізін қалаушы» деген тақырыпта ашық сабақ өткізді. 9-10 сыныптарға «Ана тілім тұғырым» атты поэзия кешін ұйымдастырған К.Қожекенова, М.Тайғожаева ақын-жазушылардың даналық сөздерін көрнекі құрал ретінде жақсы пайдалана білді. Жоғары сынып оқушыларына «Тіл талапкері»  интеллектуалды сайысын өткізген А.Буланбаева сайыс соңында жеңімпаз топты мақтау қағаздарымен марапаттады.

Шара соңында мектебіміздің оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі О.Печникова елімізде қоныстанған барлық ұлт тілін, мәдениетін, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктерге тоқталып, маңызды апталықта белсенділік танытқан  жеңімпаз топтарды, жеке тұлғаларды жеке-жеке атап, тіл мамандарына алғыс айтты.

Гауһар Қарсыбаева,

№129 мектеп ұжымы

қазақ тілі пәнінің оқытушысы

 

2455 рет

көрсетілді

118

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы