• Тарих
  • 07 Қазан, 2021

ТӘШЕНОВТЕРГЕ ОРАЛЫП ОТЫРУЫМЫЗ КЕРЕК

Бір топ зиялы қауым өкілі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қоғам және мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшеновке «Халық қаһарманы» атағын беру туралы хат жазды.
Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның Құрметті жазушысы Мыңбай Рәш, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, жазушы, тарихшы, аудармашы Уақап Қыдырханұлы, Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының иегері, Қазақстанның құрметті журналисі, жазушы, аудармашы Ғаббас Қабышұлы қол қойған хатта белгілі ғалым Шаһмардан Есеновтың атын Елордадағы алаңдардың,  көшелердің немесе жоғары оқу орындарының біріне беру туралы да айтылған.

Тәшенов Қазақстанның басшылығында болған жылдары, КСРО-да Хрущев Кеңес үкіметін басқарды және КСРО-ның шығысындағы, негізінде Қазақстан жерінде, тың және тыңайған жерлерді игеру науқанын 1954–1964 жылдары жүргізуге күш салған еді. Хрущевтің тың жерлерді игеру идеясына қарсы болған сол кездегі Қазақстанның бірінші басшысы Жұмабай Шаяхметов болды. Қазақстандағы тың жерлерді игеруге қарсы негізгі дәлелдер Солтүстік Қазақстанда дәстүрлі түрде дамыған мал шаруашылығына зиян келтіріп, қазақ халқының көбеюіне кедергі болады.

Тарих ғылымының докторы, профессор Бейімбет Ермұхан былай деп жазады: «1960 жылдардың басында Хрущевтің Тың – ­Целинный өлкесі (оған Қазақстанның бес солтүстік облысы кіруге тиіс еді) арқылы әрекет еткен кезде, Қазақ Республикасының аумақтық біртұтастығына елеулі қатер төнді, Тың өлкесі тікелей Одақ орталығы­на бағынатын еді. Бақытымызға орай, сол уақытта Қазақ КСР-ның Министрлер Кеңесінің Төрағасы Жұмабек Тәшенов Хрущевтің ұсынысына қарсы шықты. Хрущевтің жосықсыз идеясы табысқа жете алмады.

1953 жылы Сталин қайтыс болған уақыттан бастап, кеңестік тота­литарлық әкімшілік жүйесін реформалау әрекеттері басталды. Бірақ командалық – әкімшілік жүйенің негіз­дері өзгеріссіз қалды, Одақтық рес­публикалар орталықтың алдында өз мін­деттерін сақтады. Сол кезде Никита Хрущев СОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болды. Хрущевтің бастамасымен тың игеру ­эпопеясы жүргізілді.

1961 жылы Н.Хрущев жаңа әкімшілік-территориялдық ұйымдастыруды ұсынды: Қазақстанның солтүстік бес облысы Тың өлкесінің құрамына енді, Қазақстанның барлық батыс облыстарын Батыс өлкесіне қосты және болашақта, Хрущевтің ­зымиян жоспары бойынша, Тың және Батыс өлкелері Ресей құрамына қосылуға тиіс. Хрущевтің зымиян жоспарына сәйкес, Шымкент облысы – Өзбекстанға, Маңғыстау облысы Түрікменстанға берілетін еді, осылайша, Қазақстаннан ештеңе қалмайтын еді!

Жұмабек Тәшенов осы шешім­дердің барлығына ашық қарсы шықты. Ол КСРО Конституциясы арқылы Хрущев пен Одақтың шешімдерінің дұрыс еместігін дәлелдеді. Бұл Қазақстанның аумақтық тұтастығын сақтап қалуға көмектескен Тәшеновтің патриоттық, азаматтық, адамдық және жеке принциптік позициясы болды. Бұндай әрекет Тәшеновке өте қымбатқа түсті – оны Шымкентке жұмысқа жібереді, онда ол зейнетке шыққанша жұмыс істеді.

Тәшенов Алматы қаласындағы Абай даңғылында қазақтың ұлы ойшыл ақынының ескерткішін орнатуға үлкен еңбек сіңірді. Ол Кремльдің билеушілерін сендіру үшін Тбилисиде Руставели даңғылы, Ташкентте Науаи даңғылы, Мәскеуде Горький даңғылы бар екенін айтып, солай ұлы Абайға керемет ескерткіш орнатты.

Жұмысын аяқтау үшін «Медеу» спорт кешенінің құрылысына өз әріптесі, КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің Президиумының төрағасы К.Ворошиловты Алматыға шақырып, Медеу тауына құрметті қонақты апарады және оның қызығушылығын танытып, осы керемет спорт кешеннің құрылысын аяқтау үшін қажетті қаражатты Мәскеуден алады.

СОКП-тың жиырмасыншы съезінің шешіміне сәйкес, «халық жаулары» деп аталатын жаппай сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған, жаламен сотталғандар­дың дерегін қалпына келтіру үшін Қазақстанда құрылған комиссияны басқарған да Жұмабек Ахметұлы Тәшенов болды.

Тәшенов 1958 жылы Мәскеуде қазақ әдебиеті мен өнері онкүндігінің бастамашысы болды, қазақ әдебиетіне және өнер қайраткерлеріне кеңестік мемлекеттік наградалармен лайықты баға беруге және Қазақстанның бес көрнекті әртісі «КСРО халық әртісі» атағына ие болуына үлкен еңбек сіңірген еді.

Б.Момышұлының «За нами ­Москва» кітабын жариялауға кедергі келтірген Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің тосқауылына қарамастан, Ж.Тәшенов кітапты жарыққа шығаруға көмек берді. Тәшенов Алматы қаласының орталығында салынған 120 пәтерлік үйді Қазақстанның көрнекті мәдениет қайраткерлеріне толығымен тапсырды, олардың көбінің Алматыда бірнеше жыл бойы өз үйі жоқ болған еді.

Тәшенов М.Әуезовтің «Абай жолы» ­роман-эпопеясын Лениндік сыйлыққа ұсынуды жеке өзі бастады. Тәшеновтің бастамасымен атақты күрішші Ыбырай Жақаев пен шопан Жазылбек Қуанышбаев Социалистік Еңбек Ері атағына екінші мәрте ие болды. Тәшенов мемлекеттік саясаттың барлық салаларында жас және белсенді ұлттық кадрларды іріктеу мен тәрбиелеуде, сондай-ақ Қазақстан ­Министрлер Кеңесінің Төрағасы бола отырып, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің үкіметтік аппаратының жұмысына он екі қазақ ұлтының азаматын тартты.

Менің ойымша, Жұмабек Тәшеновке «Халық қаһарманы» атағын беру және оған Қазақстанның астанасында ғана емес, еліміздің барлық облыс пен аудан орталықтарынан ескерткіш ашып, көшелерге атын беру қажет. Сондай-ақ «Өнегелі өмір» сериясымен кітап шығарып, Жұмабек Тәшенов туралы көркем фильм түсірген дұрыс деп ойлаймын.

Қысқасы, Тәшеновке оралып отыруымыз керек.

Керімсал ЖҰБАТҚАНОВ,

Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті,

тарих ғылымының кандидаты

2552 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы