• Білім және ғылым
  • 14 Қазан, 2021

НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

VI Астаналық экономикалық форумы аясында Нобель сыйлығының лауреаттары қазақ студенттерімен онлайн бейнеконференцияда кездесті. Жиын С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да ұйымдастырылды.

Конференцияға Сэр Джеймс Миррлис, Роберт Ауманн, Роберт Манделл, Джордж Фицжеральд, Майкл Спенс және т.б. Нобель сыйлығының лауреаттары, сонымен қатар университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты. Шараны экономика мен инвестиция саласындағы сарапшы Марат Бірімжан жүргізді.

Жиындағы негізгі тақырып үлкен өзгерістердің жаңа дәуірі хақында болды. Оның ішінде «Жаһандық экономиканың жаңа дәуірі: цифрлық революция, энергияның ауысуы, климат және полюстерінің кері кетуі мен COVID-19 пандемиясы салдарынан экономиканың қайта түлеуі» туралы пікірталас ұйымдастырылды.

Сарапшылар мен көрермендер, жаһандық экономика, цифрлық даму, энергетикалық өсу, экологиялық оңалу мен ауыл шаруашылығы және азық-түлік секторындағы жаңа үрдістер бойынша да түйткілді мәселелерді ортаға тастауға мүмкіндік алды.

Майкл Спенске «Әлемнің дамуындағы негізгі тәуекелдердің бірі – азық-түлік саласы мен оның дағдарысы болмақ. Сіздің ойыңызша, климаттың өзгеруі мен халықтың өсуін ескере отырып, бұл процесс қаншалықты нашарлауы мүмкін?» деген сұрақ қойылды. Өз кезегінде сарапшы азық-түлік қауіпсіздігін сақтап, әлемді аштықтан қорғау үшін бүгіннен бастап еңбектену керек екенін айтты. Сондай-ақ әлемдік экономикаға коронавирус індетінің ықпалы өте зор болғанын атап өтті. «Соның­ ­салдарынан әлемде экономикалық құлдырау орын алды. Ал осы құлдырауды болдырмау үшін біз вакцинацияға жүгінуіміз керек еді. Алайда әлемдегі дамыған елдер үлкен қателік жіберді. ­Алпауыт елдер дамушы және дамымай қалған елдерге вакцинация беріп, көмек көрсеткен жоқ. Сол себепті де әлемде вакцина салдыру жұмыстары баяу жүріп жатыр. Егер осылай қала беретін болса, әлем жақын уақытта экономикалық құлдырауды тежей алмайды», – деді Нобель сыйлығының иегері.

Сонымен қатар ғалымдар ғаламдық жылынудың алдын алу туралы пікір алмасты.

Айта кетейік, Нобель фестивалі шарасына ҚазАТУ мен G-Global халықаралық хатшылығы демеушілік танытты.

Майя МҰРАТБЕК

 

1430 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы