• Қоғам
  • 14 Қазан, 2021

Ресей Өзбекстанға 1 миллион гектар жер бермек

Ресейдің Қиыр Шығысындағы жерін осы уақытқа дейін қытайлықтар жалға алса, енді Путиннің елінде «өзбектену» процесі жүрмек. Бұл шындығында да солай болайын деп тұр.

 

Осыдан бірер апта бұрын Өзбекстанның Ауыл шаруашылығы министрі Джамшид Ходжаев пен Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Сергей Левин арасында бейнеконференция өтті. Бұл кездесуде екі тараптан да ондаған ресми шенеунік қатысты. Белгілі болғаны, Өзбекстан Ресейдің 23 деревнясынан жер алады, көкөніс егеді, бау-бақша өнімдерін өсіреді.

Министр Ходжаев  келіссөз барысында, ең алдымен, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін  өзбек кәсіпорындарына Ресей жерін беруді кейінге қалдыра бермеу туралы мәселе көтерді. Сонан кейін өндірілген өнімдер Өзбекстанға тасымалданады. Келіссөз барысында белгілі болғандай, Өзбекстан болашақта Ресейден 1 миллион гектардай жер алады. Алдымен бидай, соя және тағы басқа майлы дақылдар егіледі және бұл өнімдер Өзбекстанға тасымалданады.

Ресейден жер алу туралы мәселе бірінші рет қозғалып отырған жоқ. Биылғы жылдың маусым айында Ресей мен Өзбекстанның Ауыл шаруашылғы министрлері арасында Мәскеуде келісім болған. Бүгінгі кездесу соның заңды жалғасы. Рас, бұл жобаны Ресейдің 23 губерниясының басшылары мақұлдап отыр. Қазіргі уақытта Ресейде шамамен 8-13 миллион гектардай құнарлы жер бос жатыр.

Алайда Ресейдің бірқатар сарапшылары бұл жобаға қарсылығын білдіруде.

– Ресейдің Қиыр Шығысында біраз территорияны 49 жылға қытайлықтар жалға алған. Өнім алуға келген инвесторлар немесе жеке тұлғалар ол жерде өз ықпалын жүргізуге тырысады. Жергілікті орыс халқы қалай айтқанда да нарықтан ығыстырылады. Жердің құнарлылығы жойылады, – дейді орыс сарапшылары.

Алайда Ресейдің шенеуніктері бәрібір бұл жобаны жүзеге асыратын сыңайлы. Өйткені Ресейде бос жатқан құнарлы жер көп. Халқы өзбек, қытай сияқты еңбекқор, диқаншылықты кәсіп етпеген. Дегенмен осы жерде тағы бір астарлы ой қылаң береді. Ресей өзбектерге 1 миллион гектар жер беру арқылы оларды Еуразиялық экономикалық одаққа кіруге жеңілдік жасап отыр ма? Белгісіз. Қалай айтқанда да, бұл жерде екі жақтың да өз мүддесі бар.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

 

306 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ANA TILI №21

22 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қали Сәрсенбай

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы