• Қоғам
  • 14 Қазан, 2021

ҮШІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС БАСТАЛУЫ МҮМКІН БЕ?

Қытай жағы алаңдап отыр. Өйткені бірнеше айдан бері ­Тайвань мен АҚШ тарапы Қытай ­шекарасында оқтын-оқтын әскери оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Осыған байланысты ресми ­Пекин «Егер бұл жағдай қайталана берсе, жуық арада үшінші дүниежүзілік соғыс басталып кетуі мүмкін» ­деген пікірлерді де айта бастады.

Осыған алаңдаған Қытай Тайвань жағына ондаған әскери ұшақ жіберді, тіпті шекарадан өтіп, қорқытып-үркітіп те қайтты. Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдарының таратқан мәліметіне сенсек, қытай әскери шабуылға тас-түйін дайын отыр. Жақында Филиппин теңізінде Тайваньмен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізген АҚШ-қа қытайлықтар наразы.

– Әңгіменің ашығы, Тайвань мен АҚШ тарапы жасырын мәміліге келіп, аралда америкалықтар әскери гарнизон орналастыруды көздеп отыр. Біз бұл қадамды Қытайға басып кіру деп түсінуіміз керек. Сондықтан кез келген уақытта аралдағы гарнизонға соққы жасай аламыз. Егер шын мәнінде Тайвань түбегінде соғыс басталса, біз бірден америкалық гарнизонды жойып жібереміз,– деп жазды Қытайдың Global Times басылымы.

Шын мәнінде, Қытай тарапының алаңдайтындай жөні бар. АҚШ жақын уақытта Тайваньға 2,2 миллиард долларға қару сатпақ. Оның ішінде зенит-ракеталық кешен мен шынжыр табанды бронамашиналар мен басқа да қару-жарақтар бар. Сатылатын 108 танк, FIM-92 Stinger атты зенит-ракеталық кешен, 300 пулемет пен оқ дәрілер, әрине, ресми Пекинді алаңдатпай қоймайды. Сондай-ақ Тайвань тарапы танкіге қарсы қолданатын 1240 ракеталық қондырғылар мен 66 истребитель алуды көздеп отыр. АҚШ әкімшілігі ­маусым ­айында бұл туралы конгресті де мақұлдатып қойғанға ұқсайды. Демек, бұдан шығатын қорытынды, Тайвань шекарасында тағы бір текетірес қызайын деп тұр.

513 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ANA TILI №21

22 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қали Сәрсенбай

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы