• Әдебиет
  • 21 Қазан, 2021

«ЖАС ТҰЛПАР» ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ

Ұлттық кітапхананың Н.Дәулетова атындағы залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жас тұлпар»  ұйымының құрылу тарихына арналған «ЖАС ТҰЛПАР» атты кітап және сурет көрмелерінің ашылуы өтті. 

«Жас тұлпар» қозғалысы елінің ертеңіне алаңдаған, 1960 жылдары Мәскеуде оқып жүрген қазақ жастарының ұйымдасуымен өмірге келген заңды құбылыс. Орны толмастай болып үңірейіп қалған тарихи олқылықты толықтыруға ұмтылып, ұлттық идея көрінісін Алаш идеясынан іздеген «жастұлпарлықтар» қазақтың жаңа өмір сүру философиясын қалыптастырушы күшке айналды. Қазақта көзіашық, көкірегі ояу жастардың әлі де бар екенін, рухы өшпейтінін және өзіміздің ел екенімізді, өз тегіне үңілетін тамыры бар тұтас ұлт екенімізді дәлелдей алды. Алаш зиялылары мен «жастұлпарлықтардың» ортақ бір қасиеті – ұлы рухтан шыққан жүректерінің түкпіріндегі армандары қазақ ұлтының бақытты болашағына сенімі.

Қазіргі таңда ұйым мүшелері – белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, академиктер, жазушылар, суретшілер, архитекторлар және т.б. тұлғалар еліміздің дамуына үлес қосып жүр.

Бүгінде «Жас тұлпар» ұйымының жалғастырушылары болып табылатын Ресейдегі қазақстандық студенттер білім алуда. Олар да Қазақ елі туралы көрші елде жағымды ақпараттар таратып, ондағы қандастармен жақсы қарым-қатынас орнатып, мемлекеттік мүддеге жұмыс істеуде.

Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан материалдар және «Жас тұлпар» ұйымының архивтік суреттері ұсынылды.

«ЖАС ТҰЛПАР» кітап және сурет көрмесін Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің қызметкері Құрмет Қарабаев ашып, іс-шараның маңыздылығына шолу жасап өтті.

   Көрменнің лента кесу рәсіміне Мұрат Мұхтарұлы, Марат Қатайұлы, Жәмила Ыдырысқызы және басқа да қонақтар қатысты. Келген қоңақтар мен зиялы қауым өкілдері ұйымдастырылған көрмедегі суреттер және сол кезде БАҚ жариялаған материалдармен танысты. 

Дөңгелек үстелді белгілі журналист, «Қазақ» және «Шалқар» радиолары Алматы судиясының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы жүргізді.

Шара барысында «Жас тұлпар» ұйымы­ның дүниеден өткен мүшелерін бір минут еске алды. 

Бұдан кейін сөзін Қалдыгүл ­Жаныбаева жазған «Жас тұлпар» әнін әнші Қанат Амирханов орындады.

 «Жас тұлпар»  ұйымының ұйымдас­тырушысының бірі, белгілі мәдениет­танушы, қоғам және мемлекет қайраткері Мұрат Мұхтарұлына, Қалдыгүл Жаны­баеваға, Нұржан Күнімжанға және Ольга Зоринаға «Жас тұлпар» ұйымының жаңа куәлігі табысталды.

Нұрболат АБАЙҰЛЫ

 

1389 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы