• Руханият
  • 21 Қазан, 2021

ҚАРТТАР ҚАМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Қазақ халқының ұлттық менталитетінің жарқын белгісі қашанда үлкенге – құрмет, кішіге ізет көрсету! Ардагерлерімізді ардақтап, оларды қашанда, қамқорлық аясынан тыс қалдырмау, Мемлекет басшысының сөзімен айтқанда, «Біз бен сіздің парасатты парызымыз, әрі қастерлі міндетіміз»!  Үлкенді сыйлау мен құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз екені хақ. 

Биыл тәуелсіздігіміздің 30 жылдық айтулы мерекесі екені де баршаға мәлім. Осы орайда қазан айында бір ай бойы қарттар мерекесі аталып өтіп жатыр, оларға деген сый-құрмет көрсетіліп, кездесулер өткізіліп, ардагер аталарымыз бен апаларымыздың ақ батасын алу шаралары ұйымдастырылуда. Алғашқы кездесу қазақ халқына белгілі тұлға, мемлекеттік тілге құрмет бірлестігінің төрайымы, Мемлекеттік тіл қоғамдық қозғалысының төраға орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының  мүшесі, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Мемлекеттік тілді дамыту қорының» Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, тіл жанашыры, жақында ғана 80 жасқа толған белгілі қоғам қайраткері Асылы Әлиқызы Осман апамызды төл мерекесімен құттықтап, апамыздың ұлағатты әңгімесін тыңдап, ақ батасын алудан ­бастады. Ауданымыздың дария­лы ақсақалы, белсенді қарттарымыздың бірегейі Қабдолдин Құдайберген атамызбен, сүйікті қаламыз Алматыны көркейтудегі көптеген құрылыс жобаларына еңбегі сіңген архитектор, Алатау ауданымыздың мәдени өркендеуіне әлі күнге дейін өзіндік үлесін қосып келе жатқан белсенді тұлға, ардагер Әлібек ­Солтанбеков, Марат Қобланов атамызбен, Қытай елінен қазағым, елім, жерім деп қазақ еліне келіп қоныстанған, кәсіпкер қандастар әулетінде – көп балалы ана ­Барболсын апамызбен, Қазақстан Республикасының білім саласына кәсіби еңбегі сіңген, ұлағатты ұстаз-ардагерлеріміз Несіпхан Батырханова, Заурекен Ибраимова, ­Макира Сейілханова, Күлбарам Акжолова апайлар және Сағымбек Әшірбеков, Мәли Жапақұлы атамызбен, медицина саласына еңбегі сіңген дәрігер, белсенді ардагер Алуа Абилтаева апамызбен кездесу жалғасты. 

Қазіргі дамыған дәуірде озық қоғамға ілесе алатын ұрпақ тәрбиелеу, оларға сапалы білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Себебі еліміздің дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуы сапалы білімге, мәдениетке және ұлттық тәрбиеге байланысты. Егемен еліміздің жарқын болашағына сеніммен қарауды, жақсы күндерді еселі еңбегімізбен жақындатуды, кейінгі ұрпақты ізгілік пен мейірбандылыққа, Отанымызға адал қызмет етуге, айналадағы адамдардың өмірге, қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға үйретіп келе жатқан алдыңғы буын аға-апаларымызға, ерен еңбек үлгісін көрсетіп келе жатқан ардагерлерімізге тағзым етеміз. Қай кезде де, небір сын сағатта да халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман жүрсін, ұрпағының қуанышына бөленсін!

ЖАРҚЫН АЛДАМБЕРГЕНҚЫЗЫ

АЛМАТЫ

 

1145 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы