• Руханият
  • 21 Қазан, 2021

ЖАУҺАР ЖЫРДЫҢ АРҚАУЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №4 кітапхана-бөлімшесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесіне арналған «Жауһар жырдың арқауы – Тәуелсіздік. ­Жастар жырлайды» атты әдеби-сазды байқау ұйымдастырды.

Бұл мәдени шараға арнайы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған, қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті тұлғалары ақын, Қазақстан ­Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» сыйлығы мен «Құрмет» орденінің иегері Баян ­Бекетова, әнші-композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, әлемдік композиторлар ассоциациясының мүшесі Марат Омаров, жазушы, Қазақстан Журналистер одағы мен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Ақ желкен» журналының бас редакторы Есей Жеңісұлы және дәрігер-ғалым, ­меценат Ғани Смаханұлы шақырылды. Сондай-ақ мерекелік байқауға Алматы  қаласындағы бірнеше колледждердің студенттері қатысты.

Ақын Баян Бекетова «Мәңгілік Ел» өлеңін оқып, жыр додасына қатысқалы отырған дарынды жастарға ақ жол тіледі. Жыр байқауды Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы мектеп-интернаты колледжінің студенттері Нұрбақыт Бақбол «Қазақстаным», Мәди Мырзахан «Япурай», Бектұрсын Қарақат «Туған өлкем» атты әсем әндер орындап, Ақбота Әбдибек «Туған жер», Лаура ­Болатбаева «Сен қазақсың», Жансая Әлімбай «Туған жер» өлеңдерін оқып, жырдан шашу шашты. Әдеби байқауға қатысқан сайыскерлер ерекше дайындықпен келгендері байқалды. Әрбір колледж студенттері көрнекті ақындардың патриоттық рухқа толы жалынды жырларын, өз шығармашылықтарынан арнаулар оқып, таланттарымен таңдай қақтырды. Қазылар алқасы байқаудың қорытындысын шығарып, поэзия әлемінің жыр жұлдыздарын анықтап берді. Тәуелсіздікке арналған байқаудың бас жүлдесін Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледжінің студенті Батыр Хайруллин «Тәуелсіздік туы биік самғасын», «Желтоқсан ерлері» өлеңдерімен, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы мектеп-интернаты колледжінің студенті Ақбота Әбдибек «Туған жер» өлеңімен, Алматы туризм және қонақжайлылық колледжінің студенті Анжела Крылова «Тәуелсіздік таңы» өлеңімен, Алматы полиграфия колледжінің студенттері Жарас Жарылқап, Жанболат Талғатұлы, Шынболат Талғатұлы иеленді. Байқаудың 1-орны Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы мектеп-интернаты колледжінің студенті Нұрбақыт Бақбол «Қазағым» әніне, Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледжінің студенті Жақсылық ­Ерасыл «Тәуелсіздік» өлеңіне және Еуразия технологиялық колледжінің студенті Аружан Камековаға бұйырды. Сондай-ақ Нұрбақыт Бақбол, Жақсылық Ерасыл, Аружан Камекова, Ермек Нұрмұхаммед, Аяулым Канафиянова, Жансая Әлімбай, Жұлдыз Алтаева 2-дәрежелі дипломдармен, ал Қарақат Бектұрсын, Михрибан Жүмабаева, Гүлназ Асанқұлова, Толғанай Құрманбай, Қайсар Мұхаметханұлы жауһар жырларды нақышына келтіріп мәнерлеп оқып, 3-дәрежелі дипломдармен, құнды кітаптармен марапатталды. Жеңімпаздарды Марат Омаров, ақын Баян Бекетова, Есей Жеңісұлы және Ғани Смаханұлы құттықтап, өнер жолында үлкен шығармашылық табыстар тіледі.

Ақжан ҚОЖАМҚҰЛОВА,

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі

№4 кітапхана-бөлімшесінің қызметкері

 

1806 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы