• Білім және ғылым
  • 21 Қазан, 2021

Финляндия: Бір орынға – 15 мұғалім

Қазіргі таңда Финляндияның оқу жүйесі  әлемдегі үздік саланың бірінен саналады. Алғашқы бестікке  кіреді. С­онымен, 2021 жылдың басындағы дерекке көз жүгіртсек, фин ұстаздары айына қанша жалақы алады? Атап айту керек, қызмет лауазымы, еңбек өтілі мен тәжірибесіне қатысты олардың айлығы да әртүрлі. Бірақ бәрі де шамалас. Асып бара жатқан айырмашылық жоқ. Сонымен, базалық үстеме, жалақысына қосылатын үстемақы және ұсталатын салық заңдылықтарын қосқанда финдік ұстаздардың айлығы шамамен 2-4 мың евро аралығында.

 

Бірақ басқа елдермен, әсіресе ТМД аумағының елдерімен салыстырмалы түрде қарағанда, Финляндияда екінің бірі мұғалім болып жұмысқа тұра алмайды. Өйткені бұл елде мұғалім құрметті мамандықтың бірінен саналады. Әсіресе фин еліне келіп, ұстаз болуға ұмтылатындардың қатары көп. Бірақ «шетелден келдің екен» деп, оларды жұмысқа бірден ала қоймайды. Өйткені тәртіп өте қатал. Әуелі сынақтан өту керек. Конкурстан өткен күннің өзінде, мектепке кіру қиын. Талап жоғары. Өйткені 1 орынға 15 мұғалім таласады. Іріктеліп барып, конкурстан өтеді. Жоғары оқу орны, университеттерде де тәртіп солай. Сондықтан Финляндияда жоғары оқу орны мен университетте ұстаз болу кез келгеннің маңдайына жазылмаған. Тіпті территориялық жағынан жақын ел болып саналатын Ресейдің мұғалімдеріне де жұмысқа тұру өте қиын. Тіл білгеннің өзінде оңай емес.

Финляндияда педагогикалық университеттер жоқ. Болашақ мамандар университеттерде оқытылады, білім алады. Егер магистрлік дәрежең болса ғана мектепке келуге мүмкіндігің бар, ал бакалаврлық біліммен сабақ беруіңе рұқсат жоқ. Тіпті оқу бітіргеннен кейін бірнеше жыл бойы мұғалімдік мемандықпен жұмысқа тұра алмай жүрген финдер жетерлік.

Жоғары оқу орнын бітірген түлектер алдымен білім ордасында 6 ай практикадан өтуі тиіс. Содан кейін ғана барып, олардың үйренуі үшін  сағат алуға ғана мүмкіндігі бар. Қысқасы, фин елінде мұғалімдік жқмысқа тұру өте қиын. Байқаудан іріктеліп өткен мықтылар ғана оза шауып, білім ордасына жолдама алады.

Өйткені Финляндияда мұғалім болу үлкен мәртебе. Сондықтан олардың айлығы да өте жоғары. «Енді фин мұғалімдерінің айлығы қанша?» деген сауалға жауап іздейік.

1. Ересектерге арналған білім беру орталығының мұғалімі – 2 933 евро

2. Пән мұғалімі – 2856 евро

3. Арнайы сынып мұғалімі – 3056 евро

4. Арнайы сынып мұғалімі, жеке оқыту – 3017 евро

5. Арнайы сынып мұғалімі, мүгедектерді оқыту – 2886 евро

6. Бастауыш сыныптың  арнайы мұғалімі – 2881 евро

7. Балабақша мұғалімі – 2358 евро

8. Колледж мұғалімі – 2374 евро

Бұдан шығатын қорытынды, фин елінде мұғілім, шын мәнінде, мектептің жүрегі болып тұр. Салыстырмалы түрде таразылай отырып, біздің елде де осылай болса дейсің ғой...

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
 

1752 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы