• Қоғам
  • 28 Қазан, 2021

Індетпен күресте іргелі жұмыстар бар

Қазір Түркістан облысы – жасыл аймақта. Облыс мұндай көрсеткішке пандемияға қарсы күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен адалдығы, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге облыс басшылығының күш салуының нәтижесінде қол жеткізіп отыр десек те болады.  Жедел әрі сапалы жұмыстар аймақта инфекцияның төмен деңгейде әрі бақылауда ұстауға мүмкіндік беріп отыр. Бұл туралы Түркістанға арнайы келген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, доктор Кэролайн Кларинваль облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен кездесуінде мәлім етіп, өңірдегі пандемияға қарсы жұмыстарды оң бағалады.

Түркістанға келген ДДҰ делегациясының мақсаты – өңірдің коронавирус пандемиясына қарсы күрес барысын саралау, эпидемиологиялық жағдаймен танысу және медицина қызметкерлерімен тәжірибе алмасу.

Кездесуде тараптар COVID-19 дертіне қарсы әрекет ету, аймақ тұрғындарының денсаулығын жақсар­туға қатысты мәселелерді талқылады. Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстанға көрсеткен ынтымақтастығы мен жан-жақты қолдауы үшін ресми өкілге алғысын білдірді.

«Денсаулық сақтау мәселелері бойынша ДДҰ-мен ынтымақтастықты құптаймыз. Өңірде түрік үлгісіндегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бірегей көпсалалы аурухана құрылысын жүргізу, жергілікті медицина қызметкерлерін шетелде оқыту мен олардың біліктілігін арттыру ­бойынша денсаулық сақтау жүйесінде бірнеше жобаны бастауды жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты сараптамалық қолдау мен ДДҰ-ның ғылыми негізделген ұсыныс базасы осы жобаларды сәтті жүзеге асырудың берік негізі бола алады», – деп атап өтті Өмірзақ Шөкеев.

Доктор Кэролайн Кларинвал ДДҰ аймақ басшылы­ғының COVID-19 індетімен күресудегі күш-жігерін, сондай-ақ пандемияның алдыңғы шебінде тұрған меди­цина қызметкерлерінің кәсібилігі мен адалдығын жоғары бағалайтынын баса айтты.

«Біз COVID-19 індетімен күресте сіздің саяси ерік-жігеріңізді, пандемия майданының алдыңғы шебінде жүрген өңірдегі медицина қызметкерлерінің зор күш-жігерін көріп отырмыз. Бұл жұмыстар вирустың жаппай таралып кетпеуіне ықпал етті. ДДҰ қоғамдық денсаулық сақтау, инфекциялық аурулардың алдын алу және бақылау, жұқпалы емес ауруларды емдеу, зертханалық сапа менеджменті ресурстарын жұмылдыру және тағы басқа салаларда техникалық тәжірибені қолдауға және бөлісуге дайын», – деді ол.   Айта кетейік,  Түркістан облысында бүгінгі таңда 957575 адам екпе қабылдап үлгерген. Өңірде өз еркімен соңғы тәулікте 3 252 адам вакцина қабылдаса, облыста екінші компонентпен 860 917 адам вакцина алған.

Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac, CoronoVac және Sinopharm вакциналарын ектіре алады.

Соңғы деректер бойынша, Түркістан облысында 33 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,22 пайызды құрайды. Жалпы облыста пандемия белең алғалы 1 077 576 мыңға жуық ПТР-сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар. Оның 581-і бос. Жалпы пандемия басталғалы инфекциясы расталған 14 916 жағдай тіркеліп, олардың 7549-да ауру симптомсыз өткен ­болатын.

Н.БАТЫР

790 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы