• Руханият
  • 28 Қазан, 2021

ҚАЗАҚ ЖАЗУШЫСЫНА ҚҰРМЕТ

Жақында ғана мерейлі 75 жастың асқарына шыққан аса көрнекті жазушы, қазақ руханиятының дүйім дүниеге мәшһүр тұлғасы Роллан Сейсенбаевтың атына Мәс­кеуден үкіметтік жеделхат келіп түсті. Атақты қаламгерді мерейжасымен құттықтаған жеделхатта былай делінген:
«Аса қадірлі Роллан Шә­кенұлы! Сіздің 75 жыл­дығыңызға байланысты қалт­қы­сыз құттықтауы­мызды қабыл алыңыз. Сіз әлем азама­тысыз, өмірлік ісіне бүкіл жан-тәнімен берілген сиректер­дің қатарындасыз. Сіздің арқаңызда әлем ұлы Абай шығар­машылығын қайтадан таныды, ал Қазақстанның мәдениеті заманауи әлемдік мәдениеттегі өзінің лайықты орнын алды. 
Парасат пен жан күйінішіне толы, болмыс мәніне терең бойлаған Сіздің кітаптарыңыз нағыз әдебиеттің қайталанбас құбылыстары болды және солай болып қала бермек. 
Сізге шын жүректен денсаулық және адамдарға, өзіңізге, өмірге деген сенім тілеймін.
Құрметпен – 
Ресей Федерациясы Президентінің 
кеңесшісі Владимир Толстой.

P.S.

Иә, бұл үкіметтік құттықтау жеделхатын көршілес ел басшылығының қазақ жазушысына деген үлкен құрметі һәм оның зор талантын мойындауы деп білгеніміз абзал.

870 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы