• Мәдениет
  • 04 Қараша, 2021

ОРАЛДА ЖАС КҮЙШІЛЕР САЙЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі «Атамекен» өнер ордасында еліміздегі күйшілік өнерді өскелең ұрпаққа, өнерсүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттау, жас таланттар мен шебер орындаушыларды анықтау, дарынды өнерпаздардың кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық ­мерейтойына орай «Күй – тектілік тереңі!» атты облыстық жас күйшілер сайысын өткізді.

Сонымен қатар  сайыс барысында жастарға ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында арнайы ұлтық қолөнер түрлерінен көрме ұйымдастырылып таныстырылды. Облыстық жас күйшілер сайысы 2 кезеңнен тұрып, ақтық кезеңде алғашқы іріктеу кезеңінен өткен ең үздік деген жас күйшілер сайысқа түсті. Сайыс жеңімпаздары 14-18 және 19-29 жас аралығындағы жастардың өнер көрсетулері бойынша  анықталды. Нәтижесінде 14-18 жас аралығы бойынша жүлделі III орынды Айзада Кибашова, II орынды Эрнест Қайыржанов, I орынды Наурызбек Кузанбаев иеленсе, «Көрермен көзайымы» аталымдары Жұлдыз Нариманова бен Мадина Қадырғалиеваға бұйырды. Ал 19-29 жас аралығы бойынша III орынды Темирлан Сыралиев, II орынды Егінғали Қыдырнияз, I орынды Байқұтты Қайрат иеленсе, «Көрермен көзайымы» аталымдарын Рамазан Бекзат пен Нұрай ­Умбетова қанжығасына байлады. Сайыс жеңімпаздарына ұйымдастырушылары тарапынан арнайы дипломдар, естелік  сыйлықтар және  қаржылай сертификаттар табысталды.

А.ҰЛТАНБЕКОВА

2066 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы