• Білім және ғылым
  • 11 Қараша, 2021

ӘРБІР БАЛА ЖАРҚЫРАҒАН БІР ЖҰЛДЫЗ

Өнерлі ­жастарды халыққа ­танытып, ­танымал ­болуына жол ашқан Халықаралық байқаулардың бірі Алматы облысы Қарасай ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен ­фестивальге ЖШС «Сағатай ­Айару» балабақ­ша­сының  тәрбие­ленушісі қатысты.

Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесіне орай, балабақша тәрбиеленушілерінің арасында ұйымдастырылған Қарасай аудандық «Әнім сенсің туған ел» атты патриоттық ән байқауында жеке дауыста ән айту номинациясы бойынша  Бота Мұхаметқали  «Гран при» жүлдесін жеңіп алды. Музыка, шынайы дауыс, үкілеген үміт және киелі сахна! Бүгінде технология дамып, музыка жанры да өзгерді.

Алайда Ботаның музыкаға құштарлығы ерекше, ­музыка – көңілдің кілті, ол кез келген адамның жан дүниесін, ішкі сұлулығын, жан жүрегін сезінуге көмектеседі. Бота Мұхаметқали «Ғұмырдария»  балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жібек жолы» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер және талантты өнерпаздар арасында өткен ашық ән-жыр байқауында да  ІІІ орын иегері болғанын айта кетуіміз керек.

Бота Мұхаметқали – «Сұңқар» тобы тәрбиеленушілерінің ішіндегі шоқ жұлдызы. Біз жас өнерпаздың халыққа ­танымал әнші болуына және оның талантының ұшталуына, қанатының талмауына қашан да тілекшіміз. Мұндай жас бүлдіршіндердің ерте жастан дамып өркендеп өсіп, талантты болғанына қуанышпен қарап, оның болашағына үлкен үмітпен қараймыз.

Зунун ДИЛЬНАЗ,

«Сағатай Айару» ЖШС

балабақшасының медбикесі

Алматы облысы

Қарасай ауданы

 

1390 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы