• Руханият
  • 11 Қараша, 2021

ӘМІРЕНІҢ БАСЫНА БЕЛГІ ТАС ҚОЙЫЛДЫ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Семей қаласындағы «Абыралы-Дегелең» қорының ұйымдастыруымен ­Алматы қаласындағы орталық қабірстанға жерленген дәстүрлі әннің дүлдүлі Әміре Қашаубайұлының зиратының ­басына белгі тас қойылды.

Шараны Жазушылар одағы төрағасының ­орынбасары ­Бауыржан Жақып жүргізіп, «Абыралы-Дегелең» қорының президенті Марат Құрманбайға сөз кезегін берді. Өз сөзінде Марат Құрманбай Әміре Қашаубайұлының Шығыс Қазақстан облысы ­Семей қаласына қарасты ­Абыралы өңіріндегі Ақбұлақ ­ауылында туғанын, 1925 жылы Париж қаласындағы халықаралық сән көрмесінде қазақтың халық әндерін орындап, күміс медаль алғанын айтты. Дәстүрлі әнді дүниежүзіне тұңғыш танытқан қазақ әншісі 1934 жылы Алматы қаласында саяси науқанның кесірінен қаза болғанын, содан бері басына дұрыс белгі қойылмағанын айта келіп, жерлестерінің рухына құрмет көрсетудің реті енді келгенін жеткізді. Бұдан соң Әміре аруағына құран оқылды. Шараға әншілер, жазушылар, ақындар қатысты.

 Әміре Қашаубайұлы атындағы филармонияның ұсынысымен «Абыралы-Дегелең» қорының президенті Марат Құрманбайдың және қор құрылтайшылары Сәтбек Кәрібжанов, Елдос Баймурзиннің қаржылай қолдауымен әншіге арнап ас беріліп, құран-қатым түсірілді.

Қор президенті Марат Құрман­байдың айтуынша, 2018 жылы Әміре Қашаубайұлының 130 жылдығын туған жері Ақбұлақ ауылында республика көлемінде өткізуге атсалысып, ән атасының құрметіне «Әміре – 130 жыл» медалін шығарған.

Н.СҰЛТАНҒАЗИЕВ

1082 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы