• Қоғам
  • 18 Қараша, 2021

Ләззат Қожахметова электронды үкімет жұмысын жандандыруды ұсынды

Ұлттық қоғамдық кеңестің алтыншы отырысында қарағандылық қоғам белсендісі Ләззат Қожахметова электронды үкімет жұмысын жандандыруды ұсынды. Өкінішке қарай, құжаттарды рәсімдеуде әлі де қағазбастылықтан арыла алмай келе жатырмыз, - дейді ол. Мәселен, психонаркологиялық диспансерден медициналық анықтаманы Egov порталы арқылы тегін алуға болады. Бірақ көп мекемелер мөр талап етеді екен,ал ол ақылы. Сондай-ақ жалғызбасты аналарға үй кезегіне тұру үшін жалғызбасты екенін дәлелдейтін анықтама қажет. Электронды үкіметте тұрған бұл құжатты да неке сарайынан сатып алуға тура келеді. Ләззат Қожахметова көтерген бұл мәселелерді ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдап, тез арада шешуді тапсырды.

Ләззат Қожахметова, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

Қағазбастылыққа салып отыр және халықты әрі-бері сабылтып отыр. Электронды базада тұр ма, соны алып, көре салу керек. Яғни, министрліктердің өзінің ішінде, мекемелердің арасында интеграция жоқ, бірінің базаларын бірі көре алмайды. Мемлекеттен берілетін тегін қызметті ақша табу көзіне айналдырып отыр. Бұл да министрлікке қарасты дүниелер ғой. Осының барлығын жоюды тапсырды.

1198 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы