• Тіл
  • 18 Қараша, 2021

Мұхтар ӘУЕЗОВ: ҰЛТТЫҢ ТІЛІ – СОЛ ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ, ЖАН ДҮНИЕСІ

  •  Әрбір мектеп нағыз ұлт мектебі болуы үшін екі діңгекке тіреледі. Біреуі – сол елдің тілі, екіншісі – тарихы.
     
  •  Кімде-кім ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.
  •  Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?! 
  •  …Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен, өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт. Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек.
  •  Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес. Себебі ол қандайлық мамандық иесі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады. 

2053 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы