• Қоғам
  • 25 Қараша, 2021

«АҚИҚАТТЫҢ» ШАХМАТ ТУРНИРІ

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАДЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығына, респуб­ликалық «Ақиқат» журналының 100 жылдығына арналған VII Шахмат турнирі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің Т.Қожакеев аудиториясында өтті.

Журналистер арасында өткен дәстүрлі турнирге Алматы қаласы әкімдігі Cпорт басқармасы қолдау көрсетті. Турнирдің бас төреші қызметін Ұлттық арбитр, аға жаттықтырушы Асылхан Қараев атқарды. Турнирдің ашылу салтанатында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрінің домбырашылары Азамат Шынаров пен Төлеби Нұрғали рухты күйден шашу шашты.

Іс-шара барысында ҚазҰУ Ректорының кеңесшісі, жазушы-аудармашы Мәлік Отарбаев, журналистика факультетінің деканы Сансызбай Мәдиев, «Ақиқат» журналының Бас редакторы Дәуіржан Төлебаев ізгі тілек­терін жеткізді. «Ана тілі» газетінің Бас редакторы Қали Сәрсенбай жүрек­жарды лебізін білдіріп, ардагер ойыншылар – Мамадияр Жақыпқа, Аян Нысаналинге, Жұмат Әнесұлына, Зейнел Жекейұлына құрмет көрсетіп, «Ана тілі» газетіне 2022 жылға жазылғаны туралы түбіртекті табыс етті.

Швейцар жүйесі бойынша ұйымдас­тырылған турнир жеті турдан тұрды. Үш сағатқа созылған сайыс қорытындысы бойынша Бас жүлдеге Алматы облысы Қаратал аудандық газетінің тілшісі Асхат Өмірбаев қол жеткізді. І орынға – «Tengri» тілшісі Тілек Абдрахимов, ІІ орынға – академик Хангелді Әбжанов, ІІІ орынға – Данияр Сейсенбаев («Жетісу» телеарнасы) лайық деп танылды. Бас жүлде иегеріне турнирдің Кубогі, жүлдегерлерге мерекелік медаль тарту етілді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың арнайы сыйлығын Дәурен Мұқанов алды. Аталған сыйлықты журналистика факуль­тетінің деканы Сансызбай Мәдиев тапсырды.

Журналист Арман Әубәкір («Адырна» порталының бас редакторы) «Аманхан Әлімұлы атындағы» арнайы жүлдеге ие болды. Аян Нысаналин, Зейнел Жекейұлы «Ардагер ойыншы» аталымы бойынша марапатталды. «Жеңіске деген жігері үшін» аталымы Дәурен Дариябекке (Ақпарат комитеті басқармасының бас сарапшысы), «Көрермен көзайымы» Гүлвира Биғалиеваға («Тенгриньюс» сайты), «Ынталандыру сыйлығы»  Набира Алмановаға («Авторадио» журналисі) табыс етілді. Барша жеңімпаздарға ақшалай сый-сияпат жасалды.

Мамадияр Жақып, Жұмат Әнесұлы, Нұрболат Абайұлы, ­Бауыржан Иманали, Алданазар Жайлыұлы, Амангелді Шопан, Құтмағамбет Қонысбай және т.б. қатысушыларға шахмат турнирінің «Алғыс ­хаттары» табыс етілді. Турнирдің жабылу салтанатын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 4 курс студенті Сәулетбай Бақтыбай әдемі әнмен өрнектей түсті.

Турнир соңында «Супер ойын Нұрлан Құмармен» аталымы ­бойынша Бас жүлде иегері Асхат Өмірбаев білікті шахматшы, ­журналист Нұрлан Құмармен бақ сынасып көрді. Нәтижесінде Нұрлан Құмар жеңіске жетті.

Алмагүл ҰЛТАНБЕКОВА

627 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы