• Білім және ғылым
  • 02 Желтоқсан, 2021

БАЛА ШЕШЕНДЕР БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕ АЛДЫ

Шешендік өнер сан алуан саланы қамтитын, көп ғасырлық тарихы бар, ұлттық болмысымызды айшықтайтын ерекше ұлттық мұра. Алайда бүгінгі таңда халқымыздың көпшілігі шешен сөйлеуге дағдылану түгілі, тіл тазалығын, сөйлеу мәнері мен мәдениетін дұрыс сақтай алмайтын күйге түсті... 

Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында 2018 жылдан бастап Алматыдағы Абай атындағы мектеп-интернаты республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауын өткізуді қолға алды. Аталған байқау биыл үшінші рет өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушыларды бабалар мұрасын білуге, құрметтеуге, кітап оқуға, жан-жақты ізденуге, әсіресе би-шешен, ақын-жыраулардың шығармашылығын оқып, одан терең ғибрат алып, өмірде қолдануға бағыттау. Шешендік өнердің мән-маңызы мен қадір-қасиетін жас ұрпаққа түсіндіру.

Республикалық III «Ділмар» шешендік өнер байқауына еліміздің 11 облысы, 3 қаласынан, Абай желілік мектептері мен республикалық мектеп-интернатынан іріктелген 22 оқушы қатысты. Төрт кезеңнен тұрған байқау барысында оқушылар алдын ала берілген тақырыптар бойынша бәсекеге түсіп, мақал сөздің мәйегін көрсетті.

Бала шешендер мыналар:

Бас жүлде: (70 000 тг) Наурызхан Шыңғыс (Абай РММИ); І орын: (50 000 тг) Болатбеков Бағжан (Алматы қаласы), Жанатова Асем (Павлодар облысы); ІІ орын: (30 000 тг) Үргенішбаева Нұрлыайым (Қызылорда облысы), Калдыбек ­Дилназ (Алматы), Қожымұқанов ­Рамазан (Абай РММИ); ІІІ орын: (20 000 тг) Айтжанов Алмас (Нұр-Сұлтан), Жақсылықова Амина (Алматы облысы), Бекбаулова Алуа (СҚО), Мадиева Айназ (Атырау облысы, Саматқызы Ақмаржан (Маңғыстау облысы).

Қалған оқушылар Білім және ғылым министрінің арнайы дипломы және кітаптармен марапатталды: Акбаров Нуржан (Қостанай облысы), Сатылхан Мадина (Шымкент қаласы), Шүкір Даяна (Ақмола облысы), Еркіналы Айкөркем (Ақтөбе қаласы), Абильбек Нұржан (Алматы қаласы), Абдугалиева Мейрамгүл (БҚО), Қапан Аруана (ШҚО, Аягөз ауданы), Қалиқанова Дилназ (ШҚО, Абай ауданы), Алланиязова Зарина (Нұр-Сұлтан), Баймбетова Айкөркем (Абай РММИ), Қазыбек Жалғас (Абай РММИ).

Қазылар алқасының шешімі бойын­ша оза шапқан от тілді, орақ ­ауызды бала ділмарлар Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің қолы мен мөрі қойылған дипломдармен және мектеп-интернат түлегі, кәсіпкер ­Аманжол Рысмендиевтің демеушілігімен ақшалай сыйлықтармен, сонымен қатар, қазына-құт кітаптармен марапатталды.

Нұрболат АБАЙҰЛЫ

2062 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы