• Руханият
  • 02 Желтоқсан, 2021

АЙРЫҚША ТАРИХЫ БАР АТАУЛЫ КҮН

Енді бірнеше аптадан кейін Қазақстанның тәуелсіздік жариялағанына 30 жыл толады. Аз уақыт емес. Көп те емес. Өйткені тәуелсіздік жариялау оңай, ал ең қиыны – оны сақтап қалу. 30 жылдың ішінде сан тараулы, жол-соқпақтан өтті. Ең бастысы, бізді әлем мойындады. Халықаралық қарым-қатынас нығайды, Қазақстанның тәуелсіздігі мойындалды. 

1 желтоқсан – Қазақстан Республи­ка­­сының Тұңғыш Президенті күні. Бұл күннің атаулы тарихы бар. Өйткені 1991 жылдың 1 желтоқсанында бүкілхалықтық сайлаудың нәтижесінде Қазақстан халқы тұңғыш президентін сайлады. 1991 жылдың 1 желтоқсанында Нұрсұлтан Әбішұлы ­Назарбаев Тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті ­болып сайланды. Ел азаматтарының 98,78 пайы­зы Нұрсұлтан Әбішұлын жақтап д­ауыс берді. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметіне ресми кірісуі мен Елбасының ант беру рәсімі 1991 жылдың 10 желтоқсанында өтті. Ал осыдан 6 күннен кейін Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін жариялады.

Тұңғыш Президентін сайлаған күн Мемлекеттік мереке күні болып белгіленді. Сөйтіп, Тәуелсіз Қазақстанның даму жолында алғаш рет Президент институтының мәртебесі заңмен бекітілді. Осыдан 30 жыл бұрын Қазақстан халқы қоғамға Президент институтының аса қажет екендігін түсініп, таңдау жасады. Қателескен жоқ.

Ал 2011 жылдың 10 желтоқсанында Сенат депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заң бойынша 1 желтоқсан Қазақстан Респуб­ли­касының Тұңғыш Президенті күні белгіленді.

– 1991 жылы 16 желтоқсанда арнайы заң қабылдап, бүкіл әлемге Қазақстанның тәуел­сіздігін жарияладық. Біз елдігіміздің жаңа дәуірінің негізін қаладық. Ата-бабамыздың сан ғасырлық арманын орындау мәртебесі біздің буынға бұйырғанын мақтан тұта­мыз. Тәуелсіздік – халыққа қанат бітіретін құндылық. Мұндай баға жетпес байлық кез келген халыққа бұйыра бермейді. Оған қол жеткізген күннің өзінде де бәрі бірдей игілігін көре алмауы мүмкін. 1991 жылы біз қанатымызды кеңге жайып, жарқын болашаққа қадам бастық, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

– Тәуелсіздік шежіресі Тұңғыш Прези­дентіміз – Елбасының тарихи тұлғасымен тығыз байланысты. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – жаңа дәуірдегі Қазақстан­ның негізін қалаған ұлы қайраткер. Оның есімі жасампаздық жылнамасына Қазақ мемлекетінің авторы ретінде жазылды. Біз қастерлі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам бастық. Бұл – баршамызға ортақ өнегелі өлшем, тағылымды кезең. Жаңа мемлекет құруға атсалысқан бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің тарихи шежіресі, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Демек, 1 желтоқсанның Тәуелсіз Қа­зақ­­станның даму тарихында айрықша орны бар. Өйткені Елбасының есімі Тәуелсіз Қазақ­станмен тікелей байланысты.

887 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы