• Тұлға
  • 09 Желтоқсан, 2021

АҚТАҢДАҚ БЕТТЕРІН АШҚАН ҒАЛЫМ

Талас Омарбеков Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейін 20-30 жылдардағы Қазақстан тарихына қатысты, Қазақстан тарихының теориялық-методологиялық мәселелеріне қатысты қалам тартып, қазақ тарихының ақтаңдақ беттерін ашуға ұшан-теңіз үлес қосқан ғалым болатын. Әсіресе қазақ жерінде орын алған зобалаң жылдардағы бай кулактарды тәркілеу, қазақтың ауқатты, өзін-өзі толық қамтамасыз етіп отырған шаруаларын халық жауы ретінде жойып жіберу саясатының қалай жүргізілгеніне, 30-жылдардағы ашаршылық тақырыбына терең бойлап, сол бойынша бірнеше ғылыми еңбектер, монографиялар жазған мықты тарихшымыз еді.

Талас Омарбеков соңғы жылдары көне қазақ ру-тайпа­ларына қатысты да зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оның ерекше бір қасиеті шәкірттеріне үлкен қамқорлықпен қарайтыны, сонымен қатар өзі берген ғылыми тақы­рыптарды аяғына дейін жеткізуге күш салып, оларды үнемі қадағалап, шәкірттеріне үлкен ақыл-кеңес беріп отыратын. Әрине, ғалымның дүниеден өтуі тарих ғылымына келген орасан бір соққы болды.

Талас ағамыздың отбасына, ұжымына, шәкірттері мен ет-жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

Сәбит ШІЛДЕБАЙ

1808 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы