• Қоғам
  • 09 Желтоқсан, 2021

ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ҒЫЛЫММЕН БАЙЛАНЫСТЫРҒАН

90 жылға жуық тарихы бар Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты еліміздің ауыл шаруашылық саласының дамуына үлкен үлесін қосуда.

Ғылымда тәжірибесі мол Шолпан ­Ораз­қызы басшылыққа келген оншақты айдың ішінде институттың гранттық, мақсатты-бағдарламалық бағыттарынан алынатын қаржы көлемі көбейіп, ғалымдардың жұмыс істейтін жағдайлары жақсарды. Шолпан Оразқызы көп жылдар бойы қол жеткізе алмай жүрген ұжым мүшелерінің тұрғын-үй жайларын өз аттарына заңмен  тіркеп алуына көмектесті.
 Бүгінде әлемде ауа райының жаһандық жылынуы байқалуда. Қазақстан аумағында ауа тем­пературасының орташа жылдық өсуі әрбір 10 жыл сайын 0,34 градус цельсийді құрап отыр, яғни жыл өткен сайын жауын-шашын азайып, қуаңшылық үдеп, адамзатқа зардабын тигізу қаупі туындап тұр. Осы мәселелерді ескере отырып, институт басшысы Шолпан Оразқызы бастама жасап, институт алқабының ішінен  жерасты суларын 100 гектар егістікті суаруға арналған тереңдігі 250 метр болатын екі ұңғыманы орнатты. Алда қалған 400 гектар алқапты да түгел суландыру жоспары тұр. Біріншіден осы алқаптардан алынатын өнімдерді 2,0-2,5 есеге көбейту, екіншіден институт ғылыми жұмыстарының сапасын арттыру. Мысалы, Қазақстанда 26,0 млн гектар егістік алқабы болса, соның ішіндегі  бар-жоғы 1,4 млн гектар суармалы жер. Бірақ суармалы жер жалпы егістік көлемінің 5%-ын ғана құрай тұра, жалпы егістіктен өндірілетін өнімнің 30%-ын береді. Шолпан Оразқызы басшы ретінде, институттың жас ғалымдарына да көп көңіл бөліп келеді. Қазіргі кезде олар ұжым құрамының 75-80% құрайды,  бөлім және зертхана жетекшілерінің барлығы дерлік ­жастар. Сонымен қатар институтта көп жылдар істеген, ұжымға еңбектері сіңген, дәрежелері бар,  профессор, академиктеріне де қолдау көрсетілуде. Соның бірі, Қазақстан Респуб­ликасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай институттың ғылыми тәжірибе алқабында 30 шырша ағашы салтанатты жағдайда егіліп, әрбір шырша институт ардагерлері мен жетекші, белгілі  ғалымдарының аты жазылған атау тақтасымен отырғызылды. Келешекте осы жерді еңбегі сіңген ғалымдардың «Шыршалар  аллеясына» айналдыру жоспары тұр. Шолпан Оразқызының  ендігі жоспары, өмірден өткен, институтқа еңбегі сіңген белгілі басшылар мен ғалымдардың аттарын тасқа қашап жазып, олардың есімдерін есте сақтау, жастарға үлгі ету. 

Серік КЕНЕНБАЕВ,

ҚР ҰҒА академигі

634 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы