• Тіл
  • 08 Желтоқсан, 2021

МӘДЕНИЕТ СӨЗІНІҢ 257 АНЫҚТАМАСЫ БАР

Мәдениеттану пәні өмірде болып жатқан әртүрлі ғылыми, мәдени қозғалыстарды қарас­тырады. Жалпы бұл ғылымды көбіне гуманитарлық бағытта емес, ғылыми-теориялық салаға жатқызуға болады. Себеп, аталмыш пәннің адамзат қоғамындағы сан алуан мәдени қозғалыстарды жүйелі түрде қарастырады. Мәдениеттану ғылымының қалыптасуына ­тарих, антропология, психология сынды ғылыми ­салалар өз ықпалын көрсетті. Бұл пәннің негізгі мәселесі – адамзаттың өмірінде ерекше өмір сүру тәсілінің мәдени көзқарасын ашық жеткізу.

Мәдениеттанушылардың осы тұста бірден-бір басты мақсаты – тарихи мәдени жүйелер мен дүниежүзіндегі мәдени жүйені тарих шындығымен ұштастыра отырып оқырманға жеткізу. Мәде­ниеттану XIX ғасырда қалыптасқандықтан, оны жас салалар қатарына жатқызамын. Философияның басты саласы мәдениет туралы ғылым, фило­софиялық ілім. Аталмыш сала – қоғамда болып жатқан түрлі процестерді қарастыра отырып, адамзат дамуының, мәдениеттің өмір сүру ұстанымдарын және олардың тәуелділіктерін зерттейді.

Жоғарыда атап айтқанымыздай, мәдениет­танудың дамуына көптеген фактор, ғылыми салалар көмек болады. Алайда осыларға қарамастан өз бет-бейнесін қалыптастыра білді. Салаға өзіндік баға беру, сол саланың дамып келе жатқандығының себебі болар, мәдениеттанушылар «мәдениет» мәселесімен барлық салалардың айналысатынына қарап сан алуан ойда қалуы ғажап емес. Біздің айтарымыз – мәдениеттану саласы жеке сала болып өз ісін бастады.

Қазір мәдениеттің әртүрлі бағытта қарас­тырылуы, бұл осы саланың басқаларға деген қызығушылығының артқанынан болса керек. Дәлел болсын, 1964 жылы батыс мемлекеттерінің әдебиетінде дәл осы «мәдениет» сөзіне 257 анықтама бергені жайлы Американың мәдениеттанушылары К.Клохконның және А.Кребердің мәлімдемелерін келістірсек болады.

Бірақ содан бері қаншама уақыт өткенін еске алсақ, бұл саланың бұрынғыдан қарағанда қатты дамып кеткенін айта аламыз.

Бірақ Тәуелсіздікке жеткеніне көп болмаған еліміздің басты мақсаты – мәдениетті өз орнына келтіру, өз орнын табуға тіреуіш болу. Себебі мәдениет өркениеті болмаса еліміздің өркендеуі мен биік белестерді бағындыру екі талай.

Нұрлан Айбекұлы,

Журналистика факультеті баспа ісі

мамандығының 1-курс студенті,

Серғазы Ережепұлы,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы, мәдениеттану магистрі, PhD докторант

2293 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы