• Білім және ғылым
  • 09 Желтоқсан, 2021

БІЛІМ – ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

Қазақстанның Болон процесіне енуі нәтижесінде еліміз үш деңгейлі моделге енді: бакалавриат – магистратура - PhD докторантура. Қазіргі уақытта білім беру жүйесі әлем бойынша жаһандану үрдісіне көшуде. Сондықтан білім беру жүйесі әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының біріне айналуда.

Алғаш рет кемел келешекті іске асыратын кадр даярлау мақсатында «Болашақ» халықаралық бағдарламасы, заман талабына жауап бере алатын «Назарбаев Зияткерлік мектептері», «Назарбаев Университеті» құрылды. Ең бастысы, қазақстандық білім жүйесі қалыптасты.

Қазіргі уақытта елімізде білім беру мен ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада білім және ғылым жүйесінің кадрлық әлеуетін дамыту, жас ғалымдарды қолдау мақсатында конкурс өткізу арқылы гранттар тағайындау, PhD мен тағылымдамаларға арналған гранттар санын көбейту, қазақстандық жобаларды іске асыруда шетелдік ғалымдарды тарту арқылы нәтижелі ғылыми жаңалықтар ашу көзделуде.

Бағдарламада «Ғылымды цифрландыруды дамыту мақсатында Қазақстан ғылымының бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылатын болады» делінген. Білім мен ғылымды қаржыландыру көлемін арттыруға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім мен ғылымға арналған жалпы шығыстарды ЖІӨ-нің 5% - на дейін ұлғайтуды тапсырды.

Бүгінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – әлемдік топ-200 үздік университеттердің қатарына енген Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз университет. Жақында ғана QS жаһандық рейтингі бойынша университет 175-орынға шықты. Қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағында бүгінгі күні 2000-нан астам оқытушы жұмыс істейді, олардың ғылыми дәрежелігі 81% құрайды. 500-ден астам, оның ішінде, алыс және жақын шет елдердің жетекші университеттерімен бірлесіп әзірленген білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда.

Заң факультетінің ұжымы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде беделді орынға ие.Құқықтану – бүгінгі таңда классикалық университеттік білім беру құрылымының ажырамас бөлігі.

Факультет қазіргі заманға сай әдістерді қолданып, жоғарғы деңгейдегі заң мамандарын даярлады. Заң факультеті өзінің 63 жылдық тарихында 35 мыңға жуық құқық саласындағы маманды, яғни сот, прокуратура, ішкі істер органдары мен мемлекеттік қауіпсіздіктің жоғары білікті жауапты қызметкерлерін, нотариустарды, адвокаттарды, заңгерлерді дайындап шығарды. Қазіргі кезде заң факультетінің деканы болып профессор Д.Байдельдинов қызмет атқаруда. Заң факультетінің үздік кафедрасының бірі - қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы.

2011 жылы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық құқық және криминология кафедрасы қылмыстық іс жүргізу және сот билігі мен криминалистика және сот сараптамасы кафедраларымен бірігіп, қазіргі таңда жұмыс ұйымы «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы» деп аталып келеді. Осы уақыт аралығында кафедрада «Құқық қорғау қызметі», «Сот сараптамасы» мамандықтары ашылды. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде кафедра шетелдік ғылыми ұйымдармен, орталықтармен қарым-қатынас орната білді.

Кафедра мүшелері заң шығару процесіне белсенді қатысады. Олар ҚР Қылмыстық кодексі, ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексі, «ҚР судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңдар, «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «ҚР Прокуратурасы туралы», «Алдын ала тергеу органдары және Қазақстандағы тергеушілердің мәртебесі туралы» және басқа заңдарды әзірлеушілердің бірі.

Кафедрада сонымен қатар, ғылыми-зерттеу орталықтары ашылған, «Заң кадрларын қайта даярлау мен біліктілікті арттыру», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік клуб» «Сарапшы-криминалист», «Әділет», «Шапағат», «Сот сараптама орталығы» белсенді түрде студенттермен, оқытушылық құраммен тығыз жұмыс атқаруда. Ғылыми-зерттеу үйірмелері студенттер арасында заң саласының зерттеу жұмысын үйлес­тіру мақсатында құрылды. Профессор- оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыс­тары бизнес-құрылымдармен, өнер­кә­сіптік және т.б. кәсіпорындармен бірлесіп, ұйымдастырылады және үйлестіріледі.

Мұның барлығы ұстаздарымыз бен ғалымдарымыздың, білім, ғылым саласы қызметкерлерінің нәтижелі еңбегі деп білемін.

Меруерт Бисенова,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Қылмыстық құқық, қылмыстық

 іс жүргізу және криминалистика

кафедрасының доценті

2873 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы