• Қоғам
  • 09 Желтоқсан, 2021

Елдіктің белгісі

Биыл жыл басында ҚР Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауға Жетісу жерінің азаматтары белсенді қатысып, 360 депутаттық мандатты қолдады. Олардың әрқайсысы әр партияның өкілі саналады. Атап айтқанда 304 депутат «Nur Otan» партиясының атынан халық қалаулысы атанса, «Ауыл» партиясынан – 32, «Ақжол» партия­сынан – 7, Қазақстан Халықтық Партиясынан – 15, «Адал» партиясынан 2 адам мәслихаттан орын алды. Облыстық мәслихаттағы 45 депутаттың 37-сі «Nur Otan» партиясының, төртеуі «Ауыл» партиясының, төртеуі Қазақстан Халықтық Партиясының атынан сөз сөйлеп, халықтың мұң-мұқтажын жеткізіп жүр. Осынша депутаттың 14-і әйел болса, 8 депутат 35 жасқа толмаған. Міне, осы көрсеткіштер еліміздегі демократиялық қадамдарды танытса керек. Әсіресе Жетісу жеріндегі жариялылық пен ашықтықтан хабар береді.

Жыл басынан облыстық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес 10 сессия өткізіліп, бағдарлама бекіту, бюджет мәселелерін талқылау,  жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестікті нығайту, мемлекеттік аудит, автомобиль жолдары, жастар саясаты, денсаулық сақтау, тұрақты комиссиялар құру, комиссиялардың, қоғамдық кеңестің дербес құрамдарын бекіту сынды аса маңызды мәселер қаралды.  Енді жыл соңына дейін Жетісудағы туризмнің дамуы, облыс әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен  міндеттердің орындалуы, тұрмыстық қалдықты басқару жөніндегі бағдарламаның барысы, жер ресурстарын пайдалану мен қорғаудың жай-күйі секілді мәселер қаралады. Қайырымдылық жасауды әдетке айналдырған депутаттар әлеуметтік желілерді меңгеріп, әр тоқсан сайын «Депутатқа сауал қой» атты онлайн кездесу, өңірдегі белгілі тұлғаларымен кездесу ұйымдастырады. Осының бәрі қоғам мен халық арасындағы байланысты нығайтуға арналып отыр.

Жалпы облыстық мәслихатта тұрақты 6 комиссия жұмыс істейді. Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы және құрылыс мәселелері, Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері, Экономика бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттіліктер мен этика мәселелері, Индустриялық-инновациялық, көліктік-логистикалық даму, кіші және орта бизнесті, туризм мен спортты қолдау мәселелері, Денсаулық сақтау, білім, халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет мәселелері, Дін, тіл, этносаралық қатынастар, ішкі және жастар саясаты мәселелері бойынша комиссиялар жыл басынан бері 12 отырыс өткізіп, 24 шешімнің қабылдануына ықпал етті.

Сайлаушылармен тікелей эфир арқылы және басқа да бағыттармен кездесулерде сауал жолдап, өңірдегі түрлі мәселелерді көтеруге септігін тигізіп отыратын облыстық мәслихат депутаттары көтерген 44 мәселені шешудің жолдары бойынша жергілікті атқарушы органдарда жұмыстар жүргізуде. Атап айтсақ, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жол, қоғамдық көлік мәселелері шешілуде. Оның қатарында шалғайдағы елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрылымдар, нысандар салу мәселелері бар.

Тұрғындардың жай-күйі мен мұң-мұқтажын өз аузынан естіп, түйінді мәселені шешудің жолдарын қарастыратын депутаттар «Nur Otan», «Қазақстанның халық партиясы», «Ауыл», «Ақжол», «Адал» партияларының аудандық, қалалық және облыстық қоғамдық қабылдау кабинеттерінде қоғамдық қабылдау өткізіп отырады. Атап айтқанда, барлық деңгейдегі мәслихаттың 360 депутаты 693 адам көтерген мәселенің 391-і оңтайлы шешілуіне ықпал етті. Қалған 302 мәселе бойынша тиісті түсініктеме беріліп, бақылауға алынды. Биыл жыл басынан депутаттардың қатысуымен 3003 адамға 87 миллион 578 мың 500 теңгенің қайырымдылық қызметі көрсетілді.

Қазіргідей ақпараттық тасқын белең алған кезеңде «Фейсбук», «Инстаграм», «Телеграм», «Уатсап» сынды әлеуметтік желілерде парақша ашып, жүргізуді меңгерген халық қалаулары атқарған жұмыстарының нәтижесін жариялап, көпшілікті құлағдар етіп отырады. Облыстық мәслихаттың www.almoblmaslihat.gov.kz атты ресми сайты іске қосылған. Онда барлық деңгейдегі мәслихаттардың жұмысы, депутаттардың атқарған игілікті істері ұдайы жария­ланып тұрады. Аудан-қалалардан шалғай ауылдардың тұрғындары халық қалаулылары көтерген бастамалар мен жаңалықтарды мерзімді баспасөз арқылы біліп отыратыны белгілі. Осы орайда, облыстық және аудан-қалалық мәслихаттардың аппараты республикалық, облыстық, аудандық, қалалық газеттермен бірлесе жұмыс атқарып, мәслихат жұмысы бойынша мақалалар жариялап келеді.

Сөзіміздің басында еліміздің өркендеу жолы оңайлықпен қалыптаспағанын айттық. Мемлекеттің тұрақтылығын сақтау, тыныштығы мен бейбітшілігін көздің қарашығындай қору Қазақстан Республикасы әрбір азаматының бұлжымас міндеті, бұзбайтын парызы. Ендеше елдігіміздің, мемлекеттігіміздің белгісі баянды, Туымыз биік, Елтаңбамыз жарық, Әнұранымыз асқақ болсын!

Жанболат ЖӨРГЕНБАЕВ,

Алматы облыстық

мәслихатының хатшысы

1452 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы