• Руханият
  • 09 Желтоқсан, 2021

Туған өлке құрметі

Әріптесіміз Жанғабыл Қабақбаев  саналы  ғұмырын журналистика мен мемлекеттік тіл саясатын жүргізуге арнады.
Шалқар қаласындағы аудандық мәдениет үйінде тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген салтанатты шарада Ақтөбе облысы Шалқар ауданының әкімі Жанболат Жидеханов Ж.Қабақбаевқа «Шалқар ауданының Құрметті азаматы» атағының куәлігі мен сертификатты тапсырып, омырауына арнайы шығарылған медальді тақты.
Жанғабыл Қабақбаев – Қазақстан халқы Ассамблея­сының мүшесі, «Қазақстанның құрметті журналисі», «Ақпарат саласының үздігі». Сонымен бірге халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының  Ақтөбе облыстық ұйымы төрағасының орынбасары,  «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Ақтөбе облысындағы өкілі ретінде Ұлт газеті – «Ана тілінің» таралымын көбейтуге үлес қосып жүр.
Әріптесімізді өзі туып-өскен өлке марапатымен құттықтаймыз!

511 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы