• Қоғам
  • 09 Желтоқсан, 2021

Ғалымға сый-сияпат жасады

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым ­Ордасында білім, ғылым саласының ­басшылары мен ғалымдары қатысқан алқалы басқосу өтті. 

Оған Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Әмірхан Мұратбекұлы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, жоғары оқу орындары қауымдастығының төрағасы Рахымжан Алшанов және бірқатар университеттердің ректорлары мен ғалымдары қатысты.
Жиынды ашқан Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ­ректоры Тілектес Есполов басқосудың мақсатын түсіндіріп өтті.
Мінбеге көтерілген ­Асхат Қанатұлы академик Мұрат Жұрынұлын өз атынан құттықтай келе Елбасы Н.Назарбаев пен ­Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып, халқымыздың салтымен иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.
Бұдан кейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың құттықтау хатын оқып, ғалымға шапан жауып, құрметтеді. 
Өз кезегінде сөз алған жоғары оқу орындары қауымдастығының төрағасы Рахман Алшанов Мұрат Жұрынұлының ғылыми шығар­машылық жолдарына тоқтала келіп, қауымдастық атынан құттықтап, ғалымға сый-сияпатын жасады. 
Мұрат Жұрынұлы өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап білім, ғылым саласында қызмет етіп, еліміздің дамуына зор үлес қосқан көрнекті ғалым, мемлекет және қоғам қайреткері. Ол 17 монографияның, 510 мақаланың, 108 өнертабыстың авторы. 

Нұрболат Сұлтанғазиев

895 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы