• Әдебиет
  • 16 Желтоқсан, 2021

ҒАЗАЛ-ҒҰМЫР

Алматы қаласы Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында ақын, ҚР ­Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері Қалқаман Сариннің «Ғазал-Ғұмыр» жыр жинағының таныстырылымы өтті.

«Атырау – Алтай арасы» жобасының аясында өткен поэзия кешіне белгілі қаламгерлер Көпен Әмірбек, Темірғали Көпбай, Қайнар Олжай, Серік Жанболат, ­Маралтай Райымбекұлы, Бауыржан Бабажан, Нұржан Қуантай, Бекжан Тұрыс, Ақберен Елгезек, Бақыт Беделхан, Алмат Исаділ, Қалмахамбет Мұқаметқали т.б. қаламгерлер қатысып, лебіздерін білдірді.

Адам жанына не керек?! Жан тазалығы, тыныш­тығы. Ол үшін біруақ жақсы ән, тәтті күй, жауһар өлең оқып тұрмақ керек. Өлең – өмір. Ал өмірді сүю керек. Қалқаманның лирикасын сүймеу, өлеңіне тебі­ренбеу мүмкін емес. Өлеңдеріндегі мөлдір мұңымен, сезімімен, лирикасымен оқырманын мойындатып қойған ақын.

Ақын жыр кешінде жаңа жырларын оқып, домбырамен ән де шырқады. Оқырмандарына қолтаңба беріп, естелікке суретке түсті.

Сүре білсең – өмір ғажап!

Сүйе білсең – бақыттысың!

Ақынға оқырман жүрегін жаулар жауһар жырларыңыз туа берсін деп тарастық.

Ғазиза ҚҰДАЙБЕРГЕН,

Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі

2105 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы