• Руханият
  • 16 Желтоқсан, 2021

ӨСКЕМЕНДЕ ТӘУЕЛСІЗДІК МОНУМЕНТІ АШЫЛДЫ

Осы аптада Шығыс Қазақстанда ел тәуелсіздігін айғақтайтын айтулы оқиға болды. Өскеменде тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Тәуелсіздік монументі ашылды.

Тәуелсіздік монументі­нің ашылу салтанатына ­премьер-министр Асқар Мамин, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал ­Ахметов, филология ғылымының докторы, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің ­профессоры Арап Еспенбетов, жазушы Әлібек Қаңтарбаев және жеңіл атлетикадан олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, қоғам белсенділері мен аймақ жұртшылығы қатысты.

– Тәуелсіздік монументі ел тари­хын­дағы көптеген дәуірлік оқиғалар мен оның қалыптасу кезеңдерін бейнелейді, мемле­кетіміздің біртұ­тас­тығы мен бе­ріктігінің белгісі, — деді ­премьер-министр Асқар Мамин Тәуел­сіздік монументінің ашылу сал­танатында сөйлеген сөзінде.

Ескерте кетейік, монументтің биіктігі – 15,7 м, диаметрі – 10,9 м. Төбесінде Қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібектің мүсіндері, төменгі бөлігінде Қазақстанның даму тарихы бейнеленген барельеф орнатылған. Монументтің орталық бөлігінде үш жоғарғы бидің – Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би мүсіндері орналасқан, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті – ­Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздіктің туын қолда берік ұстау – Қазақстанды өз ­Отаным деп санайтын әр адамның ең басты борышы, ең биік мақсаты» деген дәйек сөзі үш тілде жазылған. 

А.Мамин Қазақстан Рес­публикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шарада сөй­леген сөзінде Шығыс Қазақстан облысының жоғары өнеркәсіптік және аграрлық әлеуеті бар екенін, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті. 1991 жылдан бастап жалпы өңірлі өнім 25 есе өсті. Облыста елдің бүкіл өнеркәсіптік өндірісі өнімінің 10 пайызға жуығы, еліміздегі барлық өңделген өнімінің 11 пайыздан астамы өндіріледі.

Б.БЕЙСЕНҰЛЫ

807 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы