• Руханият
  • 16 Желтоқсан, 2021

ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕ БҰЙЫРА БЕРМЕЙТІН БАҚ

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ 
«Ana tili»

«Біз осыдан 30 жыл бұрын бабалар арманын ақиқатқа айналдырдық. Жаңа Қазақ мемлекеті құрылғанын дүниежүзіне паш етіп, Тәуелсіздігімізді жарияладық. Бірнеше ғасырдан бері үзіліп қалған дербес мемлекеттілік дәстүрімізді қайта жалғадық. Шын мәнінде, егемендік – елдің бәріне бұйыра бермейтін бақ. Әлемде сан миллион халқы болғанымен, ұлтарақтай жері жоқ қаншама ұлт бар. Ал қазақтың пешенесіне өз мемлекетін құру бақыты жазылды. Бұл – ұлы бақыт, ұлттың бақыты! Бұдан асқан қуаныш, бұдан биік мәртебе бар ма?!», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысы Тәуелсіздік ең қасиетті, қастерлі құндылығымыз, ең басты байлығымыз екенін баса айтты. Президент бабаларымыздың сайын далада теңдесі жоқ көшпелілер өркениетін қалыптастырғанын сөз етті. 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында Елбасының әлем тарихындағы орнын атап өтті.
– Елбасы тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған тұлға ретінде әлем тарихынан мәңгі орын алады. Тұңғыш Президентіміз – жаһан жұртының алдында ұлт мүддесін қорғай білген көреген саясаткер, қиыннан қиыстырып тосын шешімдер қабылдай алатын жасампаз реформатор. Осындай бірегей қасиеттің бәрі бойына тоғысқан біртуар тұлғасы бар қазақ бақытты халық, – деді Мемлекет басшысы. Оның айтуынша, Тәуелсіздік – қазақ халқының өз мемлекеттілігі үшін жүргізген көп ғасырлық күресінің нәтижесі, болашаққа ұмтылысының жарқын көрінісі. 
– Тәуелсіздік бізге сыйлық ретінде ­немесе кездейсоқ келген жоқ. Тәуелсіздік құн­дылықтары ұлт тарихының көптеген ғасырлық шежіресінен қалыптасты. Біздің халқымыз әрқашан мемлекеттілік идеясына мұқият қарады, өйткені тәуелсіз мемлекеті бар ұлт тарихи тұрғыдан табысты ұлт деп саналады. Өйткені ол даму жолын өзі таңдайды, – деді Президент.
Мемлекет басшысы ауқымды реформа­лардың арқасында отандық экономика көлемі шынайы мәнде 2,5 есе артқанын айтты.  Жалпы ішкі өнім доллармен жан басына шаққанда 13 еседен астамға өсті және елдің Орталық Азия­дағы сөзсіз көшбасшылығын қамтамасыз етті. 
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанға 370 млрд доллардан астам тікелей шетел инвестициясы тартылды. Қазақстанның халықаралық қоры 90 млрд доллардан асып жығылады. 
– Біз жаңа Қазақстанның негізін қалап, іргесін кеңейтуге бүкіл халық болып жұмылдық. Еліміздің өсіп-өркендеуіне әрбір отандасымыз өз үлесін қосты. Барлық жетістігіміз – түрлі кәсіп иелерінің ерен еңбегінің жемісі. 
Президент еңселі ел болуымызға барлық саланың түрлі мамандық өкілдері және барша аза­маттарымыз бір кісідей атсалысқанын баса айтты. 
– Түптеп келгенде, тәуелсіздікті нығайту дегеніміз – елге пайдасы тиетін нақты жұмыстар­ды жүзеге асыру. Қазақстан сіздердің жасампаз еңбектеріңіздің арқасында зор жетістікке жетті. Мен осы мерейлі сәтте Тәуелсіздігімізді нығайтуға қосқан үлесі үшін дүйім жұртқа алғыс айтамын!  – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

989 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы