• Руханият
  • 16 Желтоқсан, 2021

БҰЛ – ҮЛКЕН БАҚЫТ...

Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын тойлап жатырмыз. Аз да, көп те уақыт емес. 30 жылдың артында күреске толы қаншама уақыт жатыр. Тәуелсіздік ең қымбат, ең қастерлі мерекеміз. Бұл күні біз ата-бабамыздың аңсаған күні ғана емес, кешегі 86-ның қақаған қысындағы қырғынды да жүрек тебіренбей еске алу мүмкін емес. Мен желтоқсаншының жары ретінде, бұл күннің маңызын айрықша түсінемін. Сонымен қатар Тәуелсіздіктің қадірін шәкірттерімнің де санасына құюға барымды саламын. Тәуелсіздік қазақ елінің аңсаған арманы еді. Ал біз бүгінде Тәуелсіз елдің аспанының астында бейбіт өмір сүріп отырмыз. Бұл үлкен бақыт деп білемін.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, Елбасының басшылығымен мемле­кетіміздің нышандары белгіленіп, билік жүйесі қалыптасты. Ұлттық валютамыз айналымға енді. ­Қа­рулы Күштеріміз құрылды. Ата заңымыз қабылданды. Шетелдермен дипломатиялық қатынас орнатылды. Еліміз беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды.

Шекарамызды бекіттік. Ел аумағын ядролық қарудан толық тазарттық. Елордамызды Арқа төсіне көшірдік. Нарықтық экономикаға өтіп, жекеменшік институтын берік орнықтырдық. Отандық бизнестің негізін қаладық. Жастар әлемнің маңдайалды оқу орындарында білім ала бастады. Түрлі дағдарыстардан аман өтуге мүмкіндік берген Ұлттық қорымыз құрылды. Дүниежүзіне тарыдай шашылған қазақ баласын атажұртқа шақырып, Ұлы көшке жол аштық. Соның нәтижесінде ел еңсесі тіктеліп, ұлттық рухымыз көтерілді.

Екінші онжылдық – Қазақ елінің керегесін кеңейту кезеңі. Осы жылдарда мемлекетіміздің тұғыры нығайып, экономикалық әлеуетіміз арта түсті. Құрлықтағы барлық шекарамызды айқындап, заң жүзінде бекіттік. «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырып, тарихымызды түгендедік. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары­ның съезін, Еуропадағы қауіпсіз­дік және ынтымақтастық ұйымы­ның, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитін өткізуге және басқа да бірқатар маңызды халықаралық жобаларға бастамашы болдық.

Үшінші онжылдықта өсіп-өркендеп, мерейлі мемлекетке айналдық. «Қазақстан – 2050» стратегиясын қабылдап, озық дамыған отыз елдің қатарына қосылуды межеледік.

Біз, Қазақстанның әрбір ­азаматы, бұл еңбектің бәрінің қадірін білеміз.

Ләйлім Байғазиева,

№169 мектеп-лицейі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

1412 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы