• Руханият
  • 16 Желтоқсан, 2021

«Ана тіліне» жазылдыңыз ба?

Әкім ТАРАЗИ, Қазақстанның Еңбек Ері, 
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
Роза МҰҚАНОВА, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

 

Тәуелсіздігіміздің отыз жылдық мерейтойын атап өту қарсаңында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен қазақтың қабыр­ғалы қаламгері, классик жазушы, көрнекті драматург Әкім Тарази мемлекетіміздің ең жоғары наградасы –  «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды.

Социалистік Еңбек Ері Ғабит Мүсіреповтен жоғары баға алған Әкім Тарази қаламына қыдыр дарыған қаламгеріміз.

Қазақ әдебиеті тарихында бір шаңырақтан қалам ұстаған ерлі-зайыптылар арасынан Мем­лекеттік сыйлық алғандар тек осы – Тарази мен Мұ­қанованың отбасы. Қос қаламгерге шығарма­шылық табыс тілеп, оқырманды жаңа туындыларымен қуантсын дегіміз келеді.

Сондай-ақ Тәуелсіздік күні қарсаңында марапатталған барша шығармашылық зиялы қауым өкілдерін де құттықтаймыз!

1446 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы