• Мәдениет
  • 23 Желтоқсан, 2021

«Қыз ғұмыр» атты фотокөрме ашылды

Алматыда фотограф Ардақ Төлеубайдың «Қыз ғұмыр» атты фотокөрмесі ашылды.  Шара Алматы қаласы мәдениет басқармасының «Алматы әуендері» КМҚК жанындағы Almaty Gallery қолдауымен өтті.

Әйелдер жүзі фотопленканың кадрында мәңгі қалады, оған бір мысал: революцияның сонау он жетінші күйбелең жылдарында туған жерінен алыстап кеткен және қазақ жерінің кең даласының ауасын тыныстау мүмкіндігін ұзақ күткен отандасымыз 105 жастағы Әсия Сардарбектің портреті. 
Әсия Сардарбектің тағдырына таңданған Ардақ Төлеубай АҚШ-қа ұшып барып, ол туралы бірқатар фотосуреттерді жарыққа шығарады. 2021 жылы  105 жасында Әсия Сардарбек қайтыс болғаннан кейін, Ардақ Төлеубай осы таңғажайып әйелді еске алу үшін Almaty Gallery-де өзінің фотожұмыстарының көрмесін ұйымдастырды.
Алматы галереясының көрме залында әйел тағдыры тақырыбын жалғастыра отырып, көрермен назарына Ардақ Төлеубайдың жаңа туындылар топтамасы ұсынылады. 

Наргиз Алиб, «Almaty Gallery»

көрмесінің жетекшісі:

 

– Биыл біз Тәуелсіздіктің 30 жыл­дығында көптеген ірі жобаларды жүзеге асырдық. Бүгін ұсынылып отырған Ардақ­тың ерекше тақырыптық көрмесі осы жылғы ең соңғы жылжабар жобамыз.

Ардақтың фотосуреттерінен біз әйелдердің киім үлгісі олардың жасының, әлеуметтік мәртебесінің, дәрежесінің қатаң анықтауышы болғандығын байқаймыз. Бұл – ұлттың көп ғасырлық тарихы мен мәдениетінің көрінісі. Ардақ Төлеубайдың әрбір фотожұмысы әйел мен оның тағдыры туралы сыр шертеді. Келу­шілердің назарына ұсы­нылған фотокөрмеде 40-тан астам жұмысы бар.

Ардақ Төлеубай, «Қыз ғұмыр» 

фотокөрмесінің авторы, кәсіби фотограф:

 

– Менің бұл фотосуреттерім Маңғыстау даласында түсірілді. Қыздарды  ұлттық киім үлгісімен көрсетуде ақтаулық Тарбия Айдынбаева есімді дизайнер қолдау көрсетті. Ал суреттерге келетін болсқа, бұл репортаж емес, қойылымдық суреттер. Бұл жерде тамырға үңілу деген бар. Қазіргі әйел мен бұрынғы әйелдің болмысын зерттей отырып түсіруге тырыстым. Мен сол жауапты таптым деп айта алмаймын, бірақ сол тамырға көбірек үңілуге тырыстым. Сондықтан, бұл көрмем біріншіден Әсия апамның рухына бағышталады. АҚШ-қа ұшып барып, ойы құрсауланбаған, басқа тілде ойламайтын,  ол тілде қосып сөйлемейтін адам қандай болады екен сұрақтарға жауап алу үшін Әсия апамыздың портретін түсірген едім.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

1779 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы