• Қоғам
  • 23 Желтоқсан, 2021

ШЕКАРАЛЫҚ АУДАННЫҢ ШЫРАЙЛАНҒАНЫ КЕРЕК

Қазақтың үлесі 70,18 пайызға жетті. Бұл, әрине, қуанышты жайт. Жасырмауымыз керек, халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрмысы жақсарған сайын, демография да өседі. Биылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері бойынша қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам болды. Демек, демографияда өсу бар. 

Санақтың нәтижесі бойынша халықтың 59,05 пайызы, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды екенін айта кетуіміз қажет. Бірақ, өкінішке қарай, ауылда тұратын қазақтың саны азайып барады. Дерекке жүгінсек, 40,7 пайыз (7759,0 миллион) қалыппыз. Ал халықтың 59,3 пайызы қалада тұрады, яғни 11 миллион 303,6 мыңы шаһарда қоныстанған. Әрине, қазір урбанизация дәуірі. Бір жағынан мұны де ескеруіміз керек. Бұл – бір. Екіншіден, биылғы өткен халық санағын таразыласақ, көңіл қуантатын деректер бар. Ол қандай? Қазақстан халқының орта жасы – 31,94 жас. Жалпы халықтың 33,97 пайызы – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72 пайызы – 14-28 жас аралығындағы жастар. Демек, бұл деректен шығатын тұжырым: қазақ халқы жас әрі өсімтал. Сондықтан мемлекет барыншы бұқараға жағдай жасауға тырысуда.

Өңірлерді дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекітілді. Мемлекет басшысы, әсіресе шекаралық ауданда тұратын халықтың жағдайын жақсарту туралы тапсырма бергені мәлім. Бұл орайда қазір Үкімет халыққа тиімді болатын жағдай жасауға ұмтылуда. Дұрыс. Шекара маңын бос қалдыруға болмайды. Бұл орайда Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров кейінгі кезде шекаралық аудандардың тұрғындарына қатысты және демографиялық ахуалға байланысты тұрақты түрде мәселе көтеріп жүр.

Кеше Ерлан Саиров еліміздегі демография мен халықты орналастыру, көші-қон мәселесіне қатысты тағы да өзінің пікірін білдірді.

Ерлан Саировтың айтуынша, «жақын болашақта елімізде демография, халықты орналастыру мәселесі өте өзекті болады. Сондықтан бұл мәселеге ерекше назар аудару қажет. Қытай компартиясы азаматтарына «бір жанұяға 3 бала»деген тапсырма берді. Бұл тапсырманың артында төрткүл дүние үшін орасан-зор экономикалық, саяси салдар тұр. Демография бойынша көрші Өзбекстанда тұрақты өсім бар. Яғни екі жақтан демографиялық қысым» болады. Екеуі де бізге ауыр тиері сөзсіз».

«Сондықтан Қазақстан демография, халықты біркелкі орналастыру, территорияларды кешенді дамыту мәселелері ­бойынша жүйелі жұмыс істеуі қажет. Қазақстанда демографиялық өсім бар, ­дегенмен бұл өсімнің мөлшері көршілерімізден көш ­керуен төмен болып тұр. Біздің ірі (Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Ақтөбе, Өскемен) қалалар ауыл-аймақтың халқын өздеріне жылдам түрде жиып алып жатыр. Әсіресе шекаралық аймақтардың территориясы бос қалу қаупі бар. Шекаралық аймақтар, шығыстағы көршімізбен шекаралас аудандарды кешенді дамытудың философиясын ұсынып, іске асыру қажет. Ол жақта адам болмаса, мемлекет емес, жай ғана территорияға айналу қаупі бар. Сырттан «алакөздену» жиілейді деген сөз.

Шеттен өзіміздің қандаста­рымызды көшіріп әкелуді шап­шаңдатып, әлеуметтендіруді тездету керек. Елімізде демогра­фиялық өсімді қалыпқа келтірудің, ­сапалы демографиялық дамудың кешенді бағдарламасын іске асыру ­керек. Болашақта халықтың саны, территориялардың дамуы кәдімгі «қаруға» айналары хақ. Осыған бүгіннен бастап дайындалу өте маңызды», – дейді Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров.

Еркін ҚАЛДАН

1007 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы