• Мәдениет
  • 23 Желтоқсан, 2021

ҚОРҒА ТҮСКЕН ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕР

Сан ғасырлардан сәні мен тұрпатын жоймай, киесі мен қасиетін сақтаған құнды жәдігер­лер Жұбановтардың мемо­риал­дық музейінің қорына тіркелді.  

Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына музейіміздің этнография бөліміне ғасырға жуық қолда сақталған құнды жәдігерлер келіп түсті. Атап айтсам түбегінен құт дарыған талдан жасалған киелі тал бесік пен бесіктің айнымас құралы сүйектен жасалған шүмегі, және шебер-ісмер әжелеріміздің ағаш үйдің жабу киіздерін, тері ішік-тондарын тігуге арналған жасуы кең, 16 сантиметрлік имек жуалдыз тебен инесі қорымыздың негізгі бөліміне тіркеуге алынды. Ғасырлар қойнауында болған осы жәді­герлердің құнын жоймай музей қорына тапсырған жанашырларымыз Мұңсыз Әлменоваға, Сағы­най Жұбанышевқа үлкен рақмет ­айтамыз.

Сонымен қатар музей директоры У.Мұхамбетова ғалым Құдайберген Жұбановтың Алматы қаласындағы  қызы Қызғалдақ Жұбановамен кездесіп отбасылық фотосуреті, мыс кұмырасы, Египеттен алған сый картинасын, жеке костюмі мен қызы Дана Алидің фортепианолы ансамбльдерге арналған Қазақстан композиторларының шығармалар жинағын әкеліп музей қорына қосса, ғалым Қ.Жұбановпен 1909-1937 жылдары қызметтес болып, көзін көрген ұстаз Мұса Дайрабаев пен баласы Орман Дайрабаевқа арналған «Қос ұстаз» кітабын немересі Марат Мусин табыстады. Музейдің тіркеуі кітабына алынған жаңа жәдігерлер музей экспозициясына қойылды. 

А.САМИҒҰЛЛАҚЫЗЫ,

Ағайынды Жұбановтардың мемориалдық музейінің

қор сақтаушысы

1511 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы