• Мәдениет
  • 23 Желтоқсан, 2021

ӨНЕР ОРДАСЫНДАҒЫ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арнал­ған республикалық мамандан­дырылған музыкалық орта мектеп-интернатының үлкен ­залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.

Жиналысты мектеп директоры Бахтияр Әбдірашев ашты. Барлық қатысушыларды атаулы күнмен құттықтап, республика тарихының негізгі кезеңдеріне тоқталды. Одан әрі мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімі өтті. Бірінші кезекте ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік медаль иегерлері аталып, оған мектеп директоры Бақтияр Төлепбер­генұлы, директордың оқу ісі жөнін­дегі орынбасары Меруерт Сейсен­қызы мен кадр бөлімінің инспекторы Раушан Қасенова ие болды.

ҚР Мәдениет және спорт министр­лігінің ведомстволық марапаттауда «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілері Ақханым ­Бисен­ғалиқызы, Сәуле Болатқызы, Гүл­жәмила Бағибекқызы мен Галина Гончароваға табысталды.

Мәдениет және спорт министр­лігінің Құрмет Грамоталарымен ­Арман Сахитұлы, Гүлнәр Мүсірепқызы, Гүлчира Кәрімқызы, Сәуле Садырбекызы, Алматы қаласы білім басқармасының Құрмет грамоталарымен Әйге­рім Оңдасынқызы, Гүлнәр Сейда­лимқызы, Алма Алпысқызы, Патима Қасымбекқызы марапатталды.

Ерекше атап өтетін жай, Күләш Байсейітова атындағы мектеп жер­гілікті билік назарынан тыс қалмай, үнемі байланыста қызмет атқарып келеді. Бұл салтанатты жиында да Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі Алтай Рақымбековтың құттықтауы жеткізіліп, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары Камила Оспанқызы, Зауза Ұзақ­байқызы, Лариса Фендрикова, Биқамал Құрмашқызы мен Динара Қайырбекқызына табыс етілді.

Мектеп ұжымы өзінің басты міндеті – жас кәсіби музыкант­тарды оқытып, даярлаумен қатар, қоғамдық жұмыс саласында да белсенді еңбек етіп келеді. Бұл орайда К.Байсейітова мектебінің партия бастапқы ұйымының төраға орынбасары Нұрлан Тәжібайұлы қолынан интернат асханасының аспазы Мейрамгүл Рымбаева мен Жұмагүл Жайнабекқызы Нұр-Отан партиясының Бостандық ауданы филиалының Алғыс хатымен марапатталды.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 60 жасқа толған Бейбітгүл Сұлтанова, Сандуғаш Сағындықова,  Галина Мамыржанова мен 75 жасқа толған Флера Құрбанова сахна төріне шақырылып, ұжым қошеметіне ие болды.

Келесі кезекте кәсіподақ пен мектеп директорының Алғыс хатымен  педагогтер мен концертмейстерлер марапатталды. Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары мен Гран-при иегерлерін дайындаған педагогтер мен концертмейстерлерге оқу орны әкімшілігінің алғыс хаттарын табыстау Күләш Байсейітова атындағы мектебінде игі дәстүрге айнал­ған. Айта кету керек, 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін мектептің барлық бөлім­дерінен лауреаттар саны 150-ден асты. 2021-2022 оқу жылының ­лауреат атанған оқушылардың барлығы Алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ мектеп мұғалімі Біржан Жақыповқа «Құрмет» ордені, Ғалия Оразалиеваға «Білім өркениеті» ұлттық иннова­циялық ғылыми-зерттеу орталығы тағайын­даған «Қазақ­стан Респуб­ликасының құрметті азаматы» атты төсбелгісі мен куәлігі табыс етілді.

Зумрад МАСИМОВА,

К.Байсейітова атындағы

дарынды балаларға

арналған РММОМИ

баспасөз-хатшысы

2111 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы