• Руханият
  • 23 Желтоқсан, 2021

«ЖОЛЫҚҚАН ЖАНДАР» ТАСҚА БАСЫЛДЫ

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Парламенті сенатының депутаты Нұртөре Жүсіптің «Жолыққан жандар» атты кітабының тұсаукесері өтті.
«Жолыққан жандар» жинағы Тәуелсіздіктің 30 жылында журналистік жолда жолыққан бірқатар тұлғалар туралы сыр шертеді. 

Жинаққа қаламгердің ағалары, замандастары, әріптестері  мен сыйлас азаматтар жөнінде жазған толғамдары енген.

«Жинақтағы кейіпкерлер түгелдей автордың көрген-білген, өмірде араласқан, кейде, тіпті дос-жар болған ­адамдары. Сондықтан автор не жазса да сендіре жазады, бұрын көп ешкім айтпаған, байқамаған оқиғалар мен деректерді ойнатып отырады» дейді кітаптың алғы сөзін жазған қоғам және мемлекет қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Кітаптағы ең құнды дүниенің бірі – қазақтың көрнекті жазушысы, Алтайдың кербұғысы Оралхан Бөкей туралы «Асау жүрек аяғын шалыс басқан» эссесі.

Нұртөре Жүсіп ­Оралхан Бөкейдің соңғы сапарында бірнеше күн жанында бірге болады. Сезімтал жүрек, ұшқыр қаламмен жазушының әр сөзі, әрбір іс-әрекетін ыждаһатпен жадына тоқи берген. Даңғаза дақпырттан үнемі бойын аулақ салып жүретін жазушы ағасына інілік ізетпен қызмет көрсеткен. Онысын риясыз көңілмен  қабылдаған жазушы да қаламдас ­бауырымен ­ашыла сырласқан. Қаламгер соның бәрін қаз-қалпында хатқа түсіріп отырған.

Қазақ әдебиетінің классик ­жазушылары Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаевтан бастап, Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың да бейнесін жинақтан табуға болады.

«Бұл кітап – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тартуым. Жинақта 30-ға тарта азаматтардың адамдық болмысын ашып көрсетуге бағытталған эсселер топтастырылған. Ел тәуелсіздігі жолында аянбай еңбек еткен тұлғалардың портретін сомдауға жасаған бір талпыныс еді», – дейді автор Нұртөре Жүсіп.

А.ҰЛТАНБЕКОВА

1456 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №14

11 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы