• Мәдениет
  • 23 Желтоқсан, 2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 тарту

«Қазақстан РТРК» АҚ  «Balapan» телеарнасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына түрлі жанрдағы 10 жаңа туынды әзірледі. Жобалар егемен елдің тарихы мен мәдениеті, ғылымы мен білімі, белестері және табыстары туралы қызық әрі бала пайымына лайықталған. Олардың 8-і анимациялық жоба болса, 2-і танымдық бағдарлама

«Balapan»-ның көрермені «Сұлтан Бейбарыс» (3D) мульт­хикаясынан баһадүр Бейбарыс­тың балалық шағынан ­Мысыр Сұлтаны болғанға дейінгі өмірімен танысса, «Қаһарман­нан» (3D) түркілер дәуіріне сая­хаттап, бабаларымыздың жан­кешті ерлігін көреді. Басты құндылығымыз  – Тәуелсіздігімізді келер ұрпаққа табыстауды негізгі өзек еткен «Алтын кілт» (2D) анимациялық сериалы бүлдіршіндерді отансүйгіштікке баулыса, «Ғарышкер бала Жігер» (2D) арқылы жас жет­кіншектер Қазақстанның ғарыш саласындағы жетістіктері мен Байқоңыр ғарыш айлағы ­туралы қызық деректерді біледі. Ал «Сен білесің бе?» танымдық бағдарламасы Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі елеулі оқиға­ларды, тұғырлы тұлғаларды тани түсуге ықпал етеді.
Мереке күндері телеарнадан ойын-сауық, оқу-танымдық мультхикаяларды көрсетті. «Тәп тәтті хикаяда» (3D) Конфи мен Алуа қоршаған ортаны таныс­тырса,  «Томпидегі» (2D) Әли мен Айша заттардың пішіні мен қасиеттерін ұғындырып, мәнін ашып береді. Телеарна биыл әлемдік трендке айналған комикс жанрын да назардан тыс қалдырмады. Осылайша, тұңғыш ұлттық ерекшеліктеріміз ескерілген, «Ержүрек сақшылар» (2D) атты комикс  әзірлеп жатыр. Сонымен қатар батырлар жырын арқау еткен шытырман оқиғалы «Ер Тарғын» (3D) мультсериалы көрерменге ұсынылды. Сонымен қатар кішкентай көрермен  танымдық «Бірге ойнайық!» бағдарламасын тамашалай алады. Бағдарламаны танымал тик-токер Самал Смахан жүргізеді. Бағдарламада балалар сурет салады, армандаған маман иесі болады және әлемді шарлап, қызық мағлұматтармен танысады.
Айта кетелік, жыл басы­нан бері «Balapan» телеарнасы жалпы 42 жоба өндірді. Телеарна, сондай-ақ «Тәуел­сіздіктің 30 жылдығына – 30 тарту!» шығармашылық бай­қауын ұйымдастырды. Жыл бойы өткен бұл байқауда кіш­кентай көрермен азаттық туралы пайым-түсінігі мен ­келешек армандары ­жайлы ­айтып, түрлі өнерлерімен бөлісті. Байқау телеарна эфирі мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында қатар жүргізілді. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Назгүл Бейсембаева

2548 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы