• Руханият
  • 23 Желтоқсан, 2021

ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫН ШЕРТКЕН ЖЕҢІМПАЗДАР

Отандық авторларды қолдау, театр­лар мен концерттік ұйымдардың ­репертуарын жаңа туындылармен толықтыру, өнер туындылары арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі XІ Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсын ұйымдастырды.

Конкурсқа қатысу үшін 2021 жылдың 20 қарашасына дейін авторлар XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған конкурсын өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетіне арнайы нысан бойынша өтінімді ұсынды. Биыл жалпы 150 өтінім түсті. Ал қазақстандық өнер қайраткерлерінен құрылған беделді әділ-қазылар конкурс жеңімпаздарын анықтады.

Қазақстан Республикасының Тәуел­сіздік күні қарсаңында, 6 желтоқ­санда Нұр-Сұлтан қаласында марапаттау салтанаты мен қорытынды Гала-кон­церті өтті. Қорытынды Гала-концертте Конкурстың жеңімпазы атанған авторлардың шығармалары орындалды.

«Әбу Насыр әл-Фарабиге немесе Абай Құнанбайұлына немесе Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығына арналған үздік музыкалық туынды» номинациясы бойынша:

Бас жүлде – Жармұқамет Тасқын, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қара жорға» (симфониялық оркестріне арналған) шығармасы;

Қазылар алқасының шешімі бойынша І орынды екі жеңімпазға бөліп берді:

I орын – Әліби Әбдінұров, Абайдың өлеңдеріне вокалдық цикл (5 романс, жеке әнші және фортепианоға арналған);

I орын – Жоламан Тұрсынбаев,  «Бірлігің болсын, ағайын!» (жеке әнші, аралас хор, симфониялық оркестр үшін кантата);

Қазылар алқасының шешімі бойынша ІІ орынды екі үміткерге бөліп берді:

II орын – Хабибулла Сейтеков, Әбу Насыр әл-Фарабиге арналған «Посвящение» туындысы (симфониялық оркестр);

II орын – Арман Жайым, Тәуелсіз­діктің 30 жылдығына арналған «Елім менің» симфониялық оркестріне арнал­ған шығармасы;

Қазылар алқасының шешімі бойынша ІІІ орынды үш үміткерге бөліп берді:

III орын – Әли Алпысбаев, (қазақ оркестріне арналған шығарма) Төсбұлақ (күйпоэма);

III орын – Досым Мақсұтов, Тәуелсіз­діктің 30 жылдығына арналған «Қазақ елі» (жеке домбыраға арналған шығарма күй);

III орын – Қарагөз ­Гасимова ­«Барба-Фараб» (қазақ оркестріне арналған шығарма);

Абай Құнанбайұлына немесе ­Жамбыл Жабаевқа немесе Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылды­ғына арналған ең үздік драматур­гиялық туынды» номинациясы:

I орын – Оңайгүл Тұржан, «Түрктің бөрі ұраны» поэтикалық драма;

II орын – Арман Әділбек, «Жамбыл» (Үш перделі, сегіз көріністі пьеса);

IІІ орын – Думан Рамазан, «Тақ» ­тарихи драма;

Қазылар алқасының шешімі ­бойынша «Ынталандыру» сыйлығын екі үміткерге бөліп берді:

 «Ынталандыру» – Айдана Мұрат­қызы, «Өмір»;

«Ынталандыру» – Надежда ­Насырова, қуыршақ театрына арналған драмалық шығарма «Мой друг ветер»;

 «Үздік әдеби туынды» ­номинациясы:

Бас жүлде иегері Бауыржан Жақып «Абай еліне саяхат» өлеңдер топтамасы шығармасының авторы;

 «Абай Құнанбайұлына, Жамбыл Жабаевқа немесе Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған үздік балалар үшін әдеби туынды» номинациясы:

І орын – Бекен Ыбырайым, «Сары­ауыз­дың саяхаты Ертегі-хикаят» шығар­масының авторы;

ІІ орын – Бекен Ыбырайым, «Құбы­лыс» шығармасының авторы;

ІІІ орын – Ғилымхан Марлен, «Үндес­тік» (эссе) шығармасының ­авторы;

 «Абай Құнанбайұлына, Жамбыл Жабаевқа немесе Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған үздік поэзиялық туынды» ­номинациясы:

І орын – Мұхамед Конкаев, «Топай­көк» (махаббат дастаны) шығармасының авторы;

ІІ орын – Файзолла Алпамыс, «Адас­тырмас жұлдызым» шығармасының авторы;

ІІІ орын – Қуаныш Талап, «Келбет» (Абай рухына) шығармасының авторы;

«Жыр алыбы – Жамбыл» атты ­Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған үздік әдеби туынды» номинациясы:

 І орын – Шаяхмет Алжамбаев, «Жыр-Құдірет» шығармасының авторы;

ІІ орын – Болат Шарахымбаев, «Ақ Бөкебай» (әңгіме) шығармасының ­авторы;

ІІІ орын – Зейникамал ­Абдукаликова, «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнау» шығармасының авторы;

 «Абай және Жамбыл әлемі жас суретшілер көзімен» атты Абай Құнан­байұлына немесе Жамбыл Жабаевқа арналған үздік көркемсурет туынды» номинациясы:

Бас жүлде – Құмар Омарханұлы, «Күз» туындысы, кенеп, майлы бояу көлемі 140х90 см;

Қазылар алқасының шешімі бойынша І орынды екі үміткерге бөліп берді:

I орын – Есімғали Жұманов, «Аль-Фараби библиотека Отрара» туындысы 180х160 кенеп, майлы бояу;

I орын – Әлжан Серікбай, «Абайдың қара сөздері» туындысы, көлемі 200х320 кенеп, майлы бояу, өлшемін;

Қазылар алқасының шешімі бойынша ІІ орынды екі үміткерге бөліп берді:

 II орын – Алмас Нұрғожаев, «Жалғыз Абай» туындысы, көлемі 100х100 кенеп майлы бояу;

II орын – Аят Өркен, «Көлеңке басын ұзартып...» туындысы, кенеп, майлы бояу, көлемі 170х100 см;

Қазылар алқасының шешімі бойынша ІІІ орынды екі үміткерге бөліп берді:

ІIІ орын – Әлия Қабиқожаева, ­«Жамбыл мен Бұрым», көлемі 145х115 кенеп, майлы бояу;

ІIІ орын – Байділда Бауыржан,  «Жамбыл» 100х140 туындысы, кенеп, майлы бояу. 

1437 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы