• Руханият
  • 27 Желтоқсан, 2021

Бауыржан Бабажанұлы – «Түркістанда»

Бүгін халықаралық «Túrkistan» газетінің бас редакторы лауазымына белгілі журналист, ақын Бауыржан Бабажанұлы тағайындалды.

Бауыржан Бабажанұлы 1969 жылы 21 ақпанда Қарақалпақстан Республикасының Мойнақ ауданында дүниеге келген.

1995 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетін бітірді.

Еңбек жолын 1995-1996 жылдары ҚР ҰҒА М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер болып бастады.

1996-1999 жылдары «Жалын» журналында, «Ана тілі» – «Жалын» бірлескен басылымдарында бөлім меңгерушісі, 2000 жылы «Алтын Орда» тәуелсіз апталығында бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. Сондай-ақ 2000 жылдан бастап Ақтөбе облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы лауазымы бойынша жемісті еңбек етіп келді.

Оның өлеңдері «Толқыннан толқын туады», «Жас ақындар антологиясы» ұжымдық жинақтарына енген. Ал «Аспан мен жердің арасы» атты тұңғыш жыр жинағы 2001 жылы «Отырар кітапханасы» сериясымен жарық көрді. Одан кейін 2006 жылы «Жазушы» баспасынан «Уәде» атты кітабы шықты.

2003 жылы өткен халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Әдебиет» номинациясы бойынша бас жүлде иегері. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

Әріптесімізді жаңа қызметімен құттықтаймыз, «Түркістан» газетін жаңа биіктерге көтереді деп сенеміз.

1970 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы