• Қоғам
  • 13 Қаңтар, 2022

ҮКІМЕТТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫНА КІРЕТІН ӘРБІР ШЕНЕУНІК СҮЗГІДЕН ӨТУІ ҚАЖЕТ

Бибі-ана, жазушы,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

«БИБІ-АНА» қайырымдылық қорының президенті

Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылып телеарнаға телміріп отырмыз. 
Елі үшін қыршыннан қиылған ұлдары­мыздың қан жұтып отырған ата-аналарына, бауырларына қайғырып көңіл айтамыз.
 «Ұлт жоспарының тірегі – әділетті үкімет» деген мақаламда қолы таза, жүрегі адал, білікті, білімді, алыс-жақын елдердің қыры мен сырын білетін, текті жерден шыққан Қасым-Жомарт Кемелұлының президент болуымен халықты құттықтап, сол мақаламда жауды аяғанның жаралы болатынын да айтқан ем... 
Қысқа мерзімде Қасым-Жомарт Кемелұлының басынан не өтпей жатыр, халық бәрін көріп отыр, бәріне бағасын беріп отыр. Жаңа мемлекет құру үшін, жақсының басын есікке сүйреп, жаманның басын төрге шығарып, арамды адал деп, адалды арам деп келгендерді енді халықтың тағдырын шешетін құзырлы орындарға жолатпау керек. Үкіметтің жаңа құрамына кіретін әрбір шенеуніктің сүзгіден өткізілуі қажет-ақ! Қара басының ғана қамын ойлайтын, отыз жылдан бері халықты өтірік ақпармен тойдырып, өздері байлықтан аяқтарын баса алмай қалған, оқығанның надандарынан халық тұралап қалды. Қасым-Жомарт Кемелұлының туының астына бірігіп, әр ісіне қолдау көрсетіп, Қасым-Жомарт Кемелұлындай ұрпақ өсірейік!

958 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы