• Руханият
  • 13 Қаңтар, 2022

ҚАРАЛЫ КҮН

Нұрлан ОРАЗАЛИН,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

«Тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет осындай аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық...»

Қасым-Жомарт Тоқаев

 

Қаралы Күн...

Тұманды...

Қаралы Күн...

Ойым...

Жаным...

Жүрегім...

Жаралы, інім.

Ұлы Дала азынап, аза тұтып,

Боздақтарын жоқтауда, қара бүгін.

 

Көріп пе едің, Жұртым-ау, бұрын мұны:

Өлтіргенін қазақтың бірін-бірі.

Сүйегіме таңбаның түскені ме,

Төрге оздырып содыр мен жырындыны?!

 

Өзегімді өрт қауып, өшті күнім,

Көшті қайғы...

Көкпенен көшті мұңым.

Жолбарыстай жаралы күйге түстім,

Аналардың боздаған естіп үнін.

Тұрғызар кім?

Қазақты құлатар кім?

Алматымның қайғысын жұбатар кім?!

Алтын Адам көктегі сілкінгендей

Өртенгенін көргенде құба талдың?!

 

Адасқанын көргенде қараша ұлдың,

Ай астында өкіріп аласұрдым.

Жаңылдырған...

Тағдыр ма?

Тәңірім бе?

Кім көп көрді биігін Алашымның?!

 

Қаралы Күн...

Тұманды...

Қаралы Күн...

Жанарымен от шашып қарады Мұң.

Қара ниет жандарға нәлет айтып,

Қара түнде...

Қаңтарда тарады Үнім!..

Жаралымын...

 

Қаралы Күн...

10 қаңтар, 2022 жыл

1355 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы