• Мәдениет
  • 20 Қаңтар, 2022

БИБІСАРА – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев әлем шахматы тарихындағы ең жас әлем чемпионы Бибісара Асаубаевамен кездесті.

Кездесу барысында министр Бибісара Асаубаеваны құттықтай келе, анасы Лиана Таңжарыққызына алғысын білдіріп, алдағы күндеріне сәттілік тіледі.

«Бибісара – ел мақтанышы. Бүкіл әлем көз тіккен беделді турнирдегі Бибісара Асаубаеваның жарқын жеңісі, еліміздегі шахмат тарихында алтын әріппен жазылатын болады. Осы орайда Бибісараның ата-анасына, жаттықтырушыларына ерекше алғыс білдіргім келеді. Бибісара Асаубаеваның айтулы жеңісі өселең ұрпақтың шахмат спортына деген қызығушылығын арттырып, ынталандыратыны сөзсіз», деп атап өтті Мәдениет және спорт министрі.

Естеріңізге сала кетейік, Польша астанасы Варшава қаласында өткен әлем чемпионатында 17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара ­Асаубаева «блицте» бірінші орынды жеңіп алып, әлемдік шахмат тарихында әйелдер арасында ең жас шахматшы атағына ие болды.

Сондай-ақ аталмыш чемпионатта Бибісара жылдам шахматтан (рапид) 2-орынды иеленді. Бұған дейін қазақстандық спортшы Бибісара Асаубаева қыздар арасында 8, 10, 12 және 14 жасқа дейінгі классикалық шахматтан әлем чемпионы, 7, 9 жасқа дейінгі оқушылар арасында әлем чемпионы атанған.

Б.БЕЙСЕНҰЛЫ

1424 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы