• Қоғам
  • 20 Қаңтар, 2022

ЖАСТЫҚТЫҢ ҚУАТЫ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ҮШІН

Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының ­Президиумы, ғалымдар, инженерлер қауымдастығы  елімізде болған жағдайға қатты алаңдап-ақ қалды. Жаңа 2022 жыл Қазақстан үшін ауыр, қайғылы оқиғалармен  басталды. Қазіргі уақытта ең маңыздысы елдің бірлігін сақтап, тәуелсіздік тұғырын шайқалтпай, мемлекетімізді нығайту. Қанды қаңтардың кінәлілері еліміздің бірлігіне, жеріміздің тұтастығына тікелей қауіп төндірді. 

Білімі терең басшы, халық­ара­лық қатынастар сала­сының білікті маманы, жоғары дәрежелі дипломат ретінде Президент дұрыс қадам­дар жасағанына сенгіміз келеді. Еліміздің үлкен қаларында болып жатқан дүрбелеңді тоқтату мақсатында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) жүгінуіне тура келгені де тарихи дерек болып жазылды.

Осындай еліміз үшін өте қауіпті кезеңде, сын сағаттарда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев дұрыс шешім қабылдап мемлекетіміздегі ахуалды дұрыстады деп ойлаймыз.

Президенттің ҚР Парламент Мәжілісінде сөйлеген тарихи сөзінде өзекті мәселелер ортаға салынды. Қоғамның үмітін оятып, ертеңге деген сенімді ұялатты және күрделі мәселелерді шешудің тиімді бағыттарын белгілеп берді. Ол халықты жаңа Қазақстан құру туралы үлкен жасампаз үдеріске қатысуға шақырды. Бұл науқан барлық прогрессивті қоғамдық-саяси ұйымдарды Президент тап­сырмаларын орындау үшін біріктіріп, оң нәтижеге жетуді көз­дейді. Үкімет осы жұмыстарды жал­ғастырып, жүйелі іске асырып жатыр.

Елдің дамуына негізгі өзек болатын экономикалық саясат. Өндіріс орындары, кәсіпорындар қайта өңдеу саласының ғылымға негізделген технологияларымен отандық өнім шығарып, ішкі нарықты қамтамасыз етуі қажет. Әсіресе ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығын субсидиялау мәселелерін тиімді шешу қажет.

 Сонымен бірге халықты қинаған мәселе – инфляция, күнделікті тұр­мысқа қажетті товарлардың қымбаттауы. Бұл мәселеге қатысты Президент өз мәлімдемесінде Ұлттық банкке инфляцияның 3-4% дәлізін 2025 жылға дейін сақтауды тапсырды.

Соңғы екі жылда инфляция мәселесі біздің ғана емес, бүкіл әлемнің басты мәселесіне айналды.

Президент елімізде білімді ­жастарды, оның ішінде техникалық білімі бар мамандарды, инже­нерлерді даярлау мәселесіне ерекше назар аударуды тапсырды. Техникалық жоғары оқу орындары студенттерді заманауи технологияларды меңгерген, бәсекеге қабілетті, Индустрия 4.0 талаптарына сай маман етіп шығаруы керек. Сондықтан отандық университеттер оқу бағдарламаларын тағы да бір сараптамадан өткізіп, білім сапасына қатты көңіл бөлуі қажет.

Елімізде әлемнің бес жетекші жоғары оқу орындарының филиалын ашу, оның ішінде екі тех­никалық оқу орнын батыс аймақ­тарда ашу туралы тапсырма берді.

 Осы орайда Ұлттық инже­нерлік академияның Президиумы өңірлерді дамыту үшін инженерлік-техникалық саланың білікті мамандарын өндіріске жақын аймақтарда дайындауды өте дұрыс қадам санайды. Индус­трия 4.0 талаптарына сай жас инженер мамандар дайындау бүгінгі күннің талабы. Мемлекетіміздің индустриалды-инновациялық дамуының локо­мотиві инженер-техник, монтаждау саласының қызметкерлері дер едік.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған мақсаттары мен міндеттерін қолдай отырып, осы іс-шаралардың орындалуына қолымыздан келгенінше көмектесеміз. Жастар өз күш-қуатын елімізді көркейтуге, бола­шағын жарқын етуге жұмсауына ықпал жасайық. Халықты бірік­тіретін идеологияны түсіну отба­сындағы тәрбиеден басталады. Сон­дықтан қоғам, әрбір ата-ана балаларының тәрбиесіне жауап­кершілікпен қарауы тиіс. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ағайын!

Нұрлан ТЕМІРБЕКОВ,

Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының президенті міндетін атқарушы

481 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы